29
шектелген. Сүйектің төменгі бетінде асықты жілік шыбығының ұзын бұлшықеті
сіңірінің жүлгесі (sulcus tend m.peronei longi) болады.
Табан сүйектеріне (metatarsus) – адамдарда барлық приматтардағыдай
моноэпифизарлы, қысқа түтікті бес табан сүйектері (ossa metatarsi) жатады. Олардың
ішіде тік жүруге байланысты басқаларынан көлемімен бірінші сүйек айқын
ерекшеленеді, сонымен қатар бұл сүйек маймылдардағыдай ішке қарай қисаймай,
басқаларымен қатар орналасқан. Әр табан сүйегінің тілерсектің дисталды қатарымен
қосылатын негізін және проксималды бақайлармен байланысатын буындық беті бар
басын және денесін ажыратады. І табан сүйегінің табандық бетінің медиалды
бұрышынан бұлшықеттер бекитін бұдырмақ анықталады, ал Ү табан сүйегінің негізінің
латералды шетінде тері астынан оңай сипап табылатын бұдырмақ (tuberositas ossa
metatarssalis V) көрінеді және ол асықты жілік шыбығының қысқа бұлшықеті бекитін
орын болып табылады.
Адамның аяқ басында бес башпай бар, бірақ І башпайды қоспағанда қалғандары
жиі көлемдері өте шағын, дұрыс емес пішінді болып келеді. Ол аяқтың негізгі
қызметінде олардың басты ролді жоғалтуының айғағы. ІІ-Ү башпайлар үш бақайдан
(проксималды, ортаңғы, дисталды), ал І башпай ірі екі бақайдан (проксималды,
дисталды) тұрады. Барлық бақайлар моноэпифизарлық қысқа түтікті сүйектерге
жатады. Әр бақай негізінен, денесінен және басынан тұрады. І башпай көлемінің
үлкенділігі мен салмақтылығына байланысы үлкен башпай (hallux) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: