Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Білек сүйектері (ossa antebrachii)



Pdf көрінісі
бет15/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Білек сүйектері (ossa antebrachii) 
 
Білек сүйектерін екі жілік сүйек құрайды – шынтақ жілік және кәрі жілік. 
Кәрі  жілік  (radius)  –  екі  эпифизден  және  диафизден  тұрады.  Проксималді  ұшы, 
жіңішке  және  цилиндртәрізді  басымен  (caput  radii)  бітеді.    Оның  жоғарғы  бетінде  
тоқпан жіліктің  басымен  қосылатын ойысы  бар.  Басы  денесінен  кәрі  жілік  мойнымен   
(collum radii)    шектеледі. Басының ішкі бетінде шынтақ жілікпен қосылатын буындық 
айналма  (circumferentia  articularis)  орналасқан.  Мойнынан  төменрек  және  алдыңғы 
медиалді бетінде қәрі жілік бұдырмағы (tuberositas radii) жатыр. 
Төменгі  ұшы  жуан  және  қалың.  Төменгі  бетінде  білезіктік  буындық  бет 
орналасқан,  ал  оның  латералді  жиегі  бізтәрізді  өсіндімен  (processus  styloideus) 
аяқталады.      Кәрі  жілік  денесінің  (диафиз)  үш  жиегін  (алдыңғы,  артқы  және  сүйек 
аралық), үш бетін (алдыңғы, артқы және латералді) ажыратады.  
 
Шынтақ  жілік  (ulna)  –  екі  эпифизден  (жоғарғы  және  төменгі)  және  диафизден 
тұрады.  Жуандау  проксималді  ұшында  артынан  шынтақ  өсіндісімен  (olecranon)  және 
алдынан  тәждік  өсіндімен  (processus  coronoideus)  шектелген  шығыршықтық  тілік 
(incisura  trochlearis)  орналасқан.  Тәжді  өсіндінің  астында  шынтақ  жілік  бұдырмағы 
(tuberositas  ulnae),  ал  шығыршықтық  тіліктің  сыртында  тайыздау  кәрі  жіліктік  тілік 
жайғасқан. Жіңішке төменгі ұшы шынтақ жіліктің басын  (caput ulna)  түзеді. Басының 
артқы  –  бүйір  бетінде  кәрі  жілікпен  қосылатын  буындық  айналма  (circumferentia 
articularis), ал медиалді жағында біз тәрізді өсінді (processus styloideus)  жатыр. Шынтақ 
жіліктің денесінің (диафиздің) пішіні кәрі жіліктікіне сәйкес келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет