Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет144/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Ішкі (қуысішілік) шандыр 
дене қуысын ішінен астарлайды. Қуыстар мойын, кеуде, 
іш аймақтарында бар, сондықтан да мойынішілік, кеудеішілік және іштік шандырлар деп 
бөлінеді.  
2.  Синовиалдық  қаптар
  шандырлық  жапырақшалар  арасындағы  қуыс  болып 
табылады,  ол  синовиалдық  қапшықпен  астарланған  және  ішінде  синовиалдық  сұйықтық 
болады.  Олар  сүйектердің  шығыңқы  жерлерінде  орналасып,  бұлшықет  жиырылғанда 
үйкелісті азайтады. 
3.  Фиброзды  және  сүйекті-фиброзды  өзектер
  –  бұлшықет  сіңірлеріне  арналған 
немесе кәрі жілік-білезік және сирақ-асық  буындары, саусақтар мен бақайлар бунақтары 
аймақтарындағы  орналасқан  тамырлар  мен  нервтерге  арналған  орын.  Осы  өзектердің 
қабырғаларына қатысты сіңірлердің қозғалысы өте жеңіл болады, бұл өзектің қабырғасын 
астарлап  жататын  және  бұлшықет  сіңірін  жан-жағынан  жауып  жататын  арнайы 
құрылымдар  –  синовиалдық  қынаптарға  байланысты.  Олар  құрылымы  бойынша 
қабырғасы  қосарланған,  сіңірді  айнала  орналасқан  және  өзектің  қабырғаларына  бекінген 


168 
 
цилиндрге  ұқсайды.  Сыртқы  қабырғасы  өзектің  қабырғасымен  бітіскен,  париеталді 
жапырақшасы  деп  аталады;  ішкі  қабырғасы  сіңірмен  бітіскен,  висцералді  жапырақшасы 
деп  аталады.  Жапырақшалардың  арасында  болатын  синовиалді  сұйықтық  үйкеліс  күшін 
азайтады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет