190
қанатының латеральді және үлкен шеміршектерінің аралығында мұрынның
қосалқы шеміршектері (cartilagines nasals accessoriae) жатады.
Сыртқы мұрынның сүйектік бөлігі жоғарғы жақсүйектердің маңдайлық
өсінділерімен мұрын сүйектерінен құралған.
МҰРЫН ҚУЫСЫ (cavitas nasi), мұрын қуысы мұрын қалқасымен, хаондар (choanae)
арқылы жұтқыншақтың мұрындық бөлігімен, ал танаулар арқылы сыртқы ортамен
қатынасатын, салыстырмалы тепе-тең екі бөлікке бөлінген. Мұрын қалқасы, шеміршектік
(pars cartilaginea) және жарғақтық (pars membranacea) тіндерден құралған қозғалмалы және
қзғалыссыз сүйектік бөлімнен (pars osseа) түзілген.
Мұрын қуысында үстінен мұрын қуысының табалдырығымен (limen nasi) шектелген
мұрын кіреберісі (vestibulum nasi) бар. Мұрын жолдары мұрын қуысының ауқымды
бөлігін алып жатыр және олар мұрын жанындағы қойнаулармен (sinus paranasales)
қатынасады.
Мұрын қуысында, аттас мұрын қалқандарының астында орналасқан жоғарғы, ортаңғы
және төменгі мұрын жолдарын айырады. Жоғарғы мұрын қалқанының артында
сынатәрізді қойнауға ашылатын сына-торлық ұңғыл (recessus sphenoethmoidalis) жатыр.
Жоғарғы мұрын жолы торлы сүйектің артқы ұяшықтарымен қатынасады.
Ортаңғы мұрын жолы торлы сүйек құйғышы (infindibulum) арқылы маңдай және жоғарғы
жақсүйек қойнаулары, алдыңғы және ортаңғы торлы сүйек ұяшықтарымен қатынасады.
МҰРЫН ҚУЫСЫНЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫ (tunica mucosa nasi), тыныс алу аймағы
(regio respiratoria) және иіс сезу аймағы (regio olfactoria) тұрады. Тыныс алу аймағының
шырышты қабығы кірпікті эпителиймен жабылған, сірлі және шырышты бездері бар.
Төменгі мұрын қалқанының шырышты қабығы мен шырыш астылық негізі веналық
қантамырларға бай, олар қалқандардың үңгірлік веналық өрімдерін түзеді. Мұрын
қуысының шырышты қабығы көз және жоғарғы жақсүйек артерияларымен қанмен
қамтамасыз етілсе, веналық ағым қанаттәрізді өрімге құяды. Лимфа ағымы төменгі
жақсүйек пен иек лимфа түйіндеріне барады. Мұрын-кірпіктік және жоғарғы жақсүйектік
нервтермен нервтенеді.
Достарыңызбен бөлісу: