Төменгі бөлім,
дауыс саңылауының астында орналасқан, бұл дауысасты қуысы (cavitas
infraglottica), ол кеңірдекке жалғасады. Көмейдің ішкі беті шырышты қабықпен
көмкерілген. Шырышасты негізінде, төртбұрышты жарғақпен (membrana guadrangularis)
эластикалық конустан (conus elasticus) құралған талшықты-серпілмелі жарғақ (membranа
fibroelastica) орналасқан. Төртбұрышты жарғақтың жоғарғы жиегі ожау-көмей қақпашығы
байламдарына жетсе, төменгі бос жиектері оң және сол кіреберіс байламдарын
(ligg.vestibulares) түзеді, ал эластикалық конустың жоғарғы жиегі симметриялы
орналасқан дауыс байламдарымен (ligg.vocale) аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |