МҮЙІЗШЕТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕК
(cartilagо corniculata) ожау-көмей қақпашығы
қатпарының артқы бөлігінің ішінде, ожаутәрізді шеміршектің ұшында, мүйізшетәрізді
төмпешік (tuberculum corniculatum) түрінде орналасқан.
СЫНАТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕКТЕ
(cartilagо cuneiformis) алдыңғы шеміршектей, оның
алдында орналасып, ожау-көмей қақпашығы қатпарының ішінде сынатәрізді төмпешік
(tnberculum cuneiformis) түрінде байқалады.
КӨМЕЙ ШЕМІРШЕКТЕРІНІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
ҚАЛҚАНША-ЖҮЗІКТӘРІЗДІ БУЫН
(articulatio crico-thyroidea) үйлесімді буындарға
жатады, бұнда фронтальды біліктің бойында қозғалыс мүмкін.
Жұп, жүзіктәрізді шеміршектің табақшасының бүйір жақтарының буын беттерімен
қалқанша шеміршектің төменгі мүйізшелерінің қосылуынан түзілген.
Жүзік-ожаутәрізді буын (articulatio cricoarytenoidea). Буында вертикальды біліктің
бойымен қозғалыс болады. Буын жүзіктәрізді шеміршектің табақшасының буын
беттерінің ожаутәрізді шеміршектің негізімен қосылуынан түзілген.
Көмей шеміршектерінде үздікті қосылыстармен бірге үздіксіз қосылыстарда кездеседі.
Қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегі, қалқанша-тіласты жарғағы (membranо
thyrohyoidea) арқылы тіласты сүйегімен байланысқан, жарғақтың ортаңғы және бүйір
бөліктерінің қалыңдаған аймақтары, ортаңғы қалқанша-тіласты (lg.thyrohyoidea medianum)
және бүйір қалқанша-тіласты (lg.thyrohyoidea lateralis) байламдарына айналады.
Көмей қақпақшасы қалқанша шеміршекпен қалқанша-көмей қақпақшасы байламы
(lg.thyroepiglotticum), ал тіласты сүйегімен тіласты-көмей қақпақшасы байламы
(lg.hyoepiglotticum) арқылы қосылады.
Жүзіктәрізді шеміршек кеңірдектің бірінші сақинасымен арасында керіле орналасқан
жүзік-кеңірдек байламы (lg.cricоtracheale), ал қалқанша шеміршекпен жүзік-қалқанша
байламы (lg.cricothyroideum), арқылы қосылады.
193
Достарыңызбен бөлісу: |