НЕФРОН-nephron НЕФРОН , бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі. Нефрон саны әр бүйректе 1
млн.шамасында. Нефронның құрамына Боумен-Шумлянский қапшығы мен өзекшелер
кіреді. Осы қапшық капиллярлық торды қапсырып мальпиги (бүйрек) денешігін
(corpusculum renale) түзеді. Боумен-Шумлянский қапшығы проксимальдық өзекшелерге
(tubulus contortus proximalis), жалғасып әрі қарай Генле ілмегіне (ansa nephroni) өтеді.Ол өз
ретінде дистальдық ирелеңдеген өзекшелерге (tubulus renalis distalis) ауысып жинақтаушы
түтікшелерге (tubulus renalis collagenes) құяды, ал жинақтаушы түтікшелер бүртіктік
жолдармен аяқталады. Нефронның 1%-ы ғана қыртысты затта орналасқан. Нефронның
200
20%-ның Генле ілмегі ұзын болса, 80%-ы, милы заттың сыртқы бөлігіне ғана енетін
қысқа Генле ілмегінен тұрады.