Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет169/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ (prostata),
 өзінен бөліп шығаратын сұйықтығы шәует құрамына 
кіретін, дараланған ацинустардан құралған тақ, безді – бұлшықеттік ағза. Қуықасты 
безінің салмағы 25 гр-ға дейін, ал басқа көлем мөлшерлері төмендегідей: 
Қалыңдығы – 2 см-ге дейін 
Көлденеңі – 4 см-ге дейін 
Ұзындығы – 3 см-ге дейін 
Без кіші жамбас қуысында, несепқуықтың астында орналасқан.  
Простата арқылы несепшығаратын өзек өтеді, ол бездің негізінен кіріп ұшынан шығады. 
Простатаға шәует шығаратын түтіктер енеді. 
Простатаның негізін (түбі) (basis prostatae), алдыңғы (facies anterior), артқы (fasies 
posterior) , төменгі бүйір (facies infralateralis) беттерін және ұшын (apex prostatae) 
ажыратады. Простатадан қасаға симфизіне бекітін ортаңғы және бүйір қасаға-қуықасты 
байламдары (lgg.puboprostaticae) және қасаға-қуықасты бұлшықеті (m.puboprostaticus) 
басталады.  
Простатаның артқы беті тік ішек кең жерінен (ампуладан) тік ішек-қуықтық табақшамен 
(septum recto-vesicale) бөлінген.  
Простата сыртынан, бездің ішіне енетін қалқалар басталатын тығыз қапшықпен қапталған. 
Простата саны 50-ге жететін үлесшелерден құралған. Үлесшелердің басым бөлігі бездің 
бүйір және артқы бөліктерінде орналасқан. Ацинустардың бездік түтікшелері екі-екіден 
бір-бірімен қосылып қуықасты түтіктерін түзеді (ductuli prostaticae). Простатаның 


210 
 
алдыңғы бөлігі, несеп шығаратын өзектің айналасында орналасып оның еріксіз қысқышын 
түзуге қатынасатын бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет