Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет165/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

ӘЙЕЛ ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫ 
І.  ҚЫНАПТЫҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ,  ҚАНМЕН  ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ  ЖӘНЕ 
НЕРВТЕНУІ. 
ҚЫНАП (vagina),
 жыныс саңылауынан жатырға дейін кіші жамбас қуысында орналасқан 
тақ  ағза.  Қынаптың  ұзындығы  10см-ге  дейін,  қабырғасының  қалыңдығы  2-3  мм 
шамасында. Төменінде қынап несеп-жыныс көкеті арқылы өтеді. Қынаптың бойлық білігі 
жатырдың білігімен қиылысып алға қарай ашық доғалы бұрыш түзеді. Қыздар қынабының 
тесігі  алғашқы  жыныстық  қатынаста  жыртылып  қыздық  қиықтарын  (carunculae 
humenalies)  түзетін  жартыай  тәрізді  дәнекертінді  табақшамен  жабылған.  Қабысқан 
жағдайда  қынап  қабырғалары  фронтальды  жазықтықта  орналасқан  саңылау  түрінде 


203 
 
болады.  Қынаптың  негізгі  үш  бөлігін  ажыратады:  алдыңғы  қабырғасын  (paries  anterior) 
артқы  қабырғасын  (paries  posterior)  және  қынап  күмбездерін  (fornix  vaginae).  Қынаптың 
алдыңғы  қабырғасының  ұзына  бойының  көп  бөлігі  несеп  шығаратын  өзекпен  бітіскен 
болса,  қалғаны  несепқуық  түбімен  жанасқан,  ал  артқы  қабырғасының  төменгі  бөлігі  тік 
ішектің алдыңғы қабырғасына тақау жатыр. 
Қынап  күмбездерін  жатыр  мойнының  қынаптық  бөлігін  қаусырған  қынап  қабырғалары 
түзеді. Қынап күмбезі екі бөліктен тұрады: тереңдеу артқы және алдыңғы.  
Қынаптың  ішкі  шырышты  қабығы  (tunica  mucosa),  шырышасты  қабаттың  жоқтығынан 
бұлшықеттік  қабықпен  (tunica  muscularis)  тығыз  бітіскен.  Шырышты  қабықтың 
қалыңдығы 2 мм., олар ірі-ірі көлденең орналасқан қынаптық қатпарлар (әжімдер)  (rugae 
vaginales) түзеді.  
Қатпарлар  қынаптың  алдыңғы  және  артқы  қабырғаларында  бойлық  қатпарлар 
бағаналарын  (columnae  rugarum)  құрады.  Қынаптың  бұлшықеттік  қабығы  бойлық  және 
көлденең бағыттағы талшықтардан құралған. Бұлшықеттік қабық жоғары бөлігінде жатыр 
бұлшықеттеріне  жалғасса,  төменгі  бөлігі  шат  бұлшықеттері  арасына  енеді.  Қынаппен 
несеп шығаратын өзектің төменгі бөліктерін қоршайтын бұлшықет талшықтары өзіне тән 
қысқыштар түзеді. Қынаптың сырты адвентициямен (дәнекер тін) қапталған.  
ҚЫНАП  қанмен,  жатыр,  ішкі  жыныс,  неспқуық,  төменгі  және  ортаңғы  тік  ішек 
артерияларының тармақтарымен қамтамасыз етіледі. Веналық ағым, ішкі мықын венасына 
құяды.  Лимфа  тамырлары  артериялармен  қатар  жүреді.  Лимфа  ағымы,  шап  және  ішкі 
мықын лимфа түйіндеріне бағытталған. 
Қынап, төменгі құрсақасты өрімінің тармағы жыныс нерві арқылы нервтенеді. 
 
ЖАТЫР 
ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ ЖӘНЕ НЕРВТЕНУІ 
ЖАТЫР (uterus),  ішінде ұрық дамып сақталатын, алмұрттәрізді, бұлшықеттік тақ ағза.  
Жатыр  кіші  жамбас  қуысында,  алдында  несепқуық,  артында  тік  ішек  аралықтарында 
орналасқан.  Жатырдың  алдыңғы  және  артқы  беттерін,  оларды  бөлетін  оң  және  сол 
жиектерін  ажыратады.  Әйелдерде  жатырдың  ұзындығы  8  см.  шамасында,  көлденеңі  –  4 
см-ге  дейін,  биіктігі  3  см-ге  жақын.  Босанған  әйелдердің  жатырының  салмағы 
босанбағандардан екі есе көп. Жатыр қуысының орташа көлемі 5 см 
3
-ді құрайды. 
Жатырда үш негізгі бөлікті ажыратады: денесі (corpus uteri), мойны (cervix uteri) және түбі 
(fundus uteri). 
Жатыр түбі жатыр түтіктерінің жатырға кіретін орнының  үстіндегі томпақ бөлігі. Жатыр 
түбі  жатырдың  ортаңғы  бөлігін  құрайтын  денесіне  жалғасады,  ол  өз  ретінде  жатыр 


204 
 
мойнымен  аяқталады.  Жатыр  қылтасы  (isthmus  uteri),  жатыр  денесінің  мойнына  өтетін 
аймағы. Жатыр мойнының қынап ішіндегі бөлігін қынаптық, ал қалғанын қынапүсті бөлігі 
деп  атайды.    Жатыр  қуысы  мойын  өзегіне  жалғасады,  ал  ол  өз  кезегінде  жатырды 
қынаппен  байланыстырады.  Жатыр  тесігі  алдынан  және  артынан  ернеулермен  (labium 
anterior  et  posterior)  шектелген.  Босанбаған  әйелдердің  жатыр  тесігі  кішірек,  дөңгелек 
пішінді болса, босанғандарда көлденең саңылау тәрізді. 
Жатыр  қабырғасы  үш  қабықтан  тұрады:  ішкі  қабығы  –  шырышты  немесе  эндометрий, 
(endometrium), қалыңдығы 3 мм-ге дейін. Шырышты қабық қатпарлар түзбейді, тек  қана 
мойын өзегінде жан-жағына майда қатпарлар тарайтын жалғыз бойлық қатпар орналасқан. 
Шырышты қабықтың ішінде жатыр бездері бар. 
Ортаңғы  қабығы  –  бұлшықеттік  немесе  миометрий  (mуometrium)  ең  қалың  бөлігі. 
Миометрий  үш  қабаттан  құралған:  ішкі,  сыртқы  қиғаш-бойлық  және  ортаңғы  дөңгелек. 
Сыртқы  қабығы  –  сірлі  немесе  периметрий  (perimetrium),  біршама  қалыңдау.  Жатырдың 
мойын аймағында сірліасты негізі болады. 
Ішастар жатырды жауып екі ұңғыл түзеді: несепқуық-жатыр, (excavatio vesicouterina) және 
дуглас  немесе  тік  ішек-жатыр  (excavatio  rectouterina).  Ішастар  жатырды  алдынан  және 
артынан  жаба  келіп  екі  бүйір  жиегінде  бір-бірімен  қосылып  оң  және  сол  жалпақ 
байламдарға  (lgg.latum  uteri)  айналады.  Өзінің  құрылысына  сәйкес  жалпақ  байламдар 
жатырдың  шажырқайы  болып  табылады.  Жалпақ  байламның  анабезбен  жанасқан  бөлігі 
анабез  шажырқайы  (mesovarium)  деп  аталады.  Жалпақ  байламның  ішімен  жатырдың 
дөңгелек  байламы  (lg.teres  uteri)  өтеді,  ол  жатырдың  алдыңғы-бүйір  қабырғасынан 
басталады. Жатыр мойнымен кіші жамбас қабырғаларының арасында, жалпақ байламның 
түбінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет