252
нервтік импульсті тек нейроннің денесіне қарай өткізсе, ал аксон импульсті нейронның
денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді. Нервтік импульс бір
нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі.
Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш
деп үш түрі ажыратылады.
1.Сезімтал
(афференттік, рецепторлық)
нейрон.
Бұл нейрондардың ерекшеліктері –
олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері аксонына
қарағанда ұзын болады. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте дендрит және аксон деп
аталмайды, дендриті – шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал
нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида
аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортада әсер ететін тітіркендіргіштерді (
ақпаратты ) нервтік импульске айналдырады. Орналасқан жеріне байланысты
рецепторлардың үш түрін ажыратады.
1.
Достарыңызбен бөлісу: