Лимфа түйіндерінің нервтенуі Лимфа түйіндері көп мөлшерде симпатикалық (норадренергиялық) және
парасимпатикалық (халинергиялық) нервтермен нервтенеді.
Адренергиялық талшықтар лимфа түйіндеріне негізінен қантамырлармен бірге еніп
ретикулярлы жасушалар аралықтарында өрімдеп түзеді. Холинергиялық нерв талшықтары
лимфа түйіндерінде жақсы жетілген қақпа маңындағы өрім және периваскулярлық
талшықтар түрінде кездеседі.
Лимфа түйіндерінің қызметі 1.
Механикалық сүзгі (барьерлік қызметі): лимфа түйінінің қойнаулары арқылы
өткенде, олардың торларында әртүрлі микроорганизмдер, бүлінген және қатерлі
ісік жасушалары, табиғаты бөгде заттар (шаң-тозаң бөлшектері) сүзіледі.
2.
Биологиялық фильтр: фагоциттік жасушалар сүзілген заттарды ұстап, жояды.
3.
Иммундық қызметі: лимфа түйіндерінде лимфоцитопоэз жүреді, яғни лимфоциттер
түзіледі (Т және В лимфоциттер, макрофагтардың қатысуымен иммундық үрдісті
қамтамасыз етеді).
4.
Лимфа депосы. Түйіндер лимфа тамырларымен бірге резервуарлық қызмет
ақтарады. Қан азайған кезде оның есесін қайтаратын реакциялармен бірге веналық
қанға құйылатын лимфа мөлшері көбейеді.
Егде шақта лимфа түйіндерінде дәнекер тін көбейіп, май басады да, олар табиғи
құрылысы мен қасиеттерін жоғалтып, лимфа өте алмайтын күйге келеді, яғни босап
қалады, қатар жатқан лимфа түйіндері бітісіп кетеді, сөйтіп олардың саны азайғанмен
көлемдері ұлғаяды. Осы аталған жағдайларға байланысты қарт адамдарда иммунитет
әлсірейді.