Қарапайым бір жасушалы амебада нерв жүйесі болмайды, олардың сыртқы ортамен
арақатынасы гуморалдық жолмен іске асады.
Нерв жүйесі дамуының бірінші сатысында - ең қарапайым нерв жүйесі
ішекқуыстыларда (гидрада) пайда болып,
тортәрізді құрылым түзеді: жасушалар өзара
көптеген өсінділер арқылы байланысып тұрады.
Филогенездің келесі сатысында нерв жүйесінің
түйіндік түрі пайда болады.Нерв
жасушалары жиналып түйіндер түзеді, бұл түйіндер бір – бірімен бойлық және көлденең
орналасқан нервтер арқылы байланысады. Нерв жүйесінің бұл түрі сегменттік құрылымды
организмдерге ( омыртқасыздарға – сақиналы құрттарға) тән. Көлденең орналасқан
нервтер бір сегменттің түйіндерін, бойлық нервтер көршілес сегменттердің түйіндерін
байланыстырып тұрады.
Нерв жүйесі дамуының үшінші сатысында