Автономдық ( вегетативтік) нерв жүйесі
ішкі ағзаларды, тамырларды, жүректі,
бездерді, құрамында бірыңғай (тегіс) салалы бұлшықеттер бар ағзаларды, яғни, қызметі
біздің еркімізге бағынбайтын ағзаларды нервтендіреді. Сондықтан да автономдық нерв
жүйесі деп аталып кеткен. Бірақ бұл жүйенің дербестілігі толық емес, ол ми қыртысының
сұр затына белгілі бір дәрежеде бағынады: адам ұялғанда қызарып кетеді, қорыққанда –
бозарады, қатты қобалжығанда жүрек соғысы жиілейді (тахинардия) т.с.с. Автономдық
нерв жүйесі организмді тұтас бір жүйеге біріктіріп, ішкі ағзалардың қызметін реттеп,
үйлестіріп отырады. Ішкі ағзаларға әсеріне байланысты ол парасимпатикалық және
симпатикалық бөліктерге бөлінеді.
Нерв жүйесі
Орталық н.ж. шеткі н.ж.
ми жұлын сомалық
автономдық
(анималдық) (вегетативтік)
парасимпатикалық симпатикалық
ішкі ағзалар
254
Достарыңызбен бөлісу: |