Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет201/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

түтікті нерв жүйесі
 
пайда болады. Нерв 
жүйесінің бұл түрі хордалылықтарға, соның ішінде адамға да тән. Олардың нерв түтігінің 
тұлғалық  бөлігі  жұлынды  түзеді.  Нерв  түтігінің  бас  жағы  жуандап  ми  дами  бастайды 
(дөңгелекауыздыларда).  Барлық  бассүйекті  жануарлар    миында  үш:  ромбтәрізді  (артқы) 
,ортаңғы және алдыңғы көпіршіктер түзіледі.Осылардың ішінде ромбтәрізді мидың дамуы 
басым болады. Себебі (төменгі сатыдағы балықтарды) көпір мен мишықта есту және тепе- 
теңдік  сақтау  орталықтары  пайда  бола  бастайды.  Эволюция  барысында  ромбтәрізді  ми 
сопақша  ми,  myelencephalon
,  және  көпір  мен  мишықтан  тұратын 
артқы  миға,
 
metencephalon,
  бөлінеді.    Сопақша  мида  өмірлік  маңызды  тыныс  алу,  ас  қорыту, 
қанайналымды  реттейтін  орталықтар  пайда  болады.  Осыған  орай  сопақша  мида  X  жұп, 
кезбе нервтің, n.vagus, ядролары дамиды. Сондықтан сопақша мидың зақымдануы өлімге 
әкеліп соғады. 
      Көру  рецепторының  дамуы  ортаңғы  мидың  дамуына  әсер  етеді,  мидың  бұл  бөлігінде 
қыртыс астылық көру және есту орталықтары пайда болады.  
      Құрлықтағы жануарлардың иіс сезу қызметіне байланысты алдыңғы мидың құрамында 
иіс сезу миы,  rhinencephalon , 
дамиды. 
   
  
Филогенездік  даму
 
барысында  алдыңғы  ми  көпіршігі  екі  бөлікке: 
соңғы  ми, 
telencephalon , 
және 
аралық миға , diencephalon, 
бөлінеді. Нәтижесінде, 
соңғы ми, аралық
 
ми,  ортаңғы  ми,  артқы  ми
  және 
сопақша  ми
  деп  аталатын  5  ми  көпіршіктері  пайда 
болады.  Кейінгі  даму  кезеңдерінде  соңғы  мидың  дамуы  басым  болады  да,  амфибия, 
рептилий және құстарда қарапайым ми қыртысы қалыптасады. жауып жатады.  
    Даму  барысында  мидың  барлық  бөліктерінің  құрылымы  жетіле,  күрделене  түседі. 
Сүтқоректілерде  соңғы  мидың  күшті  дамуына  байланысты,ол,мидың  басқа  бөліктерін 
жамылғы ( pallium)
  түрінде  жауып  жатады.Даму  барысында  мидың  барлық  бөліктерінің 
құрылымы  жетіле,күрделене  түседі.Соңғы  мида  сезімталдықтың  барлық  түрлерінің 
орталықтары  пайда  болады.  Яғни,  мидың  дамуы  барысында,  оның  төменгі  бөліктерінде 
пайда  болған  сезімталдықтың  орталықтарына  сәйкес  орталықтар,  мидың  жоғарғы 
бөліктерінде  де  пайда  болады.  Мысалы,  есту  орталығы  алғаш  рет  артқы  мида  дамыса, 
одан  кейін  ортаңғы,  аралық  және  соңғы  миларда  пайда  болады.  Бұл  жағдайда 
сезімталдықтытың  мидың  төменгі  бөліктерінде  орналасқан  орталықтары  бағынышты 
қызмет атқарады.  
   Еңбек ету қызметі мен сөйлеу қабілеттерінің дамуына байланысты адамның ми қыртысы 
дамудың ең жоғары сатысына көтеріліп,организмнің саналы қызметін қамтамасыз ететін 
ағзаға айналды. 
 
 
 
 
 


255 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет