Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет208/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

  ақ  заты
,
substantia  alba
,  сұр  затты  қоршай  орналасып,  оң  және  сол 
жақтарында  үш  жіпшеге  бөлінеді. 
Алдыңғы  жіпше

funiculus  anterior
,  алдыңғы  орталық 
саңылау мен алдыңғы түбіршіктің аралығында; 
бүйір  жіпше

funiculus  lateralis
,  алдыңғы  
және  артқы  түбіршіктердің  аралығында;  ал 
артқы  жіпше

funiculus  posterior
,  артқы 
орталық  жүлге  мен  артқы  түбіршіктердің  аралығында  орналасқан.  Жіпшелер  нерв 
талшықтарының будаларынан түзілген. Будалардың  үш түрі ажыратылады: 
1.
 
Ассоциативтік  будалар,
  артқы  мүйізде  орналасқан  ендірме  нейрондарды  өз 
сегментіндегі  сонымен  қатар  жоғары  және  төмен  орналасқан  6-7  сегменттердің 
алдыңғы  мүйіздерінде  орналасқан  қозғалтқыш  нейрондармен  қосады.Олар    сұр 
затты қоршай орналасқан ақ заттың
 
жіңішке қабатын- 
меншікті будаларды

fasiculi 
proprii
,түзеді. 
2.
 
Жоғарылаған (сезімтал) өткізгіш жолдар,
 нервтік импульсты миға жеткізеді. 


259 
 
3.
 
Төмендеген ( қозғалтқыш

өткізгіш жолдар,
 нервтік импульсты мидан жұлынның 
алдыңғы мүйізіне өткізеді. 
Жоғарылаған  және  төмендеген  өткізгіш  жолдар  филогенездік  даму  барысында  кеш 
пайда болып (жаңа түзіліс ), жұлын мен мидың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Олар 
сегментүстілік өткізгіш
 
аппарат
 деп аталады. 
Жұлынның  сегменттік  (  меншікті)  аппараты
  филогенездік    даму  барысында  ерте 
пайда  болып  (ескі  түзіліс),  шартсыз  рефлекстерді  қамтамасыз  етеді,  оның  құрамына 
жұлынның сұр заты, артқы және алдыңғы түбіршіктері және ақ заттың меншікті будалары 
енеді.
 
Артқы жіпшеде – жоғарылаған өткізгіш жолдар, бүйір жіпшеде – жоғарылаған және 
төмендеген  өткізгіш  жолдар,  алдыңғы  жіпшеде,негізінен,  төмендеген  өткізгіш  жолдар 
орналасады. 
Артқы  жіпше, 
артқы  аралық  жүлге 
арқылы,  медиалды  орналасқан   
жіңішке 
будаға, fasciculus
 
gracilis,
 (Голль будасы) және латералды орналасқан 
сынатәрізді будаға, 
fasciculus  cuneatus,
  (Бурдах  будасы)  бөлінген.  Аталған  екі  буда  арқылы  саналы 
проприоцептивтік  сезімнің  өткізгіш  жолы  және  жанасу,  қысым  сезімінің  өткізгіш 
жолының бір бөлігі өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет