алдыңғы
түбіршік
,
radix anterior
(қозғалтқыш), шығады. Бұл тү
б
іршік жұлынның алдыңғы
мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген. Алдыңғы және
артқы түбіршіктер жұлынның бүйір жақтарында омыртқааралық тесіктің медиалды
жиегінде бір-бірімен қосылып - жұлын нервісін,
nervus spinalis
,түзеді. Жұлыннан 31 жұп
жұлын нервтері шығады.
Жұлынның бір жұп жұлын нервтеріне сәйкес келетін бөлігі( кесіндісі )
жұлынның
сегменті,
деп аталады. Жұлында: 8 мойындық( С 1-8), 12 кеуделік (Th1 - Th12 ), 5
белдік(L1- L5), 5 сегізкөздік (S1 - S5 ) және 1 құйымшақты
қ
(Co1), барлығы 31сегмент
бар. Жұлынның әрбір сегменті дененің белгілі бір бөлігін(метамерін) нервтендіреді.
Метамердің құрамына бір дерматом мен миотомнан дамыған терінің бөлігі және қаңқа
бұлшықеттері енеді.
Жұлын ішкі жағында орналасқан
сұр заттан
,
substantia gris
, және сыртқы жағында
орналасқан
ақ заттан
,
substantia alba
, түзілген. Сұр зат негізінен нейрондардың
денелерінен, ақ зат нерв талшықтарынан (нейрондардың өсінділерінен) түзілген.
Достарыңызбен бөлісу: |