Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет205/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Жұлын 
Жұлын, 
medulla  spinalis

омыртқа  бағанасы  өзегінде    орналасқан.  Пішіні  алдынан 
артына  қарай  аздап  қысыңқы,  цилиндртәрізді  болып  келеді.  Оның  мойындық,  кеуделік 
жәнет белдік бөліктерін ажыратады. Ұзындығы еркектерде орта есеппен 45 см,әйелдерде 
42  см  шамасында,жуандығы    8  мм-ден(  кеуделік  бөлігінде)  14  мм-  ге  (мойындық  және 
белдік  бөліктерінде)    дейін  болады  .  Жоғарғы  жағында,  шүйде  сүйектің  үлкен  тесігінің 
деңгейінде  жұлын  сопақша  миға  жалғасады.  Бұл  жерде  жұлыннан  бірінші  жұп  жұлын 
нервтері  шығады.  Жұлынның  төменгі  шеті  сүйірлене   
милық  конус

conus  medullaris



257 
 
түрінде  I-II бел омыртқалары деңгейінде аяқталады. Милық конус жіңішке 
соңғы жіпке,
  
filum  terminale
, жалғасады, ол II құйымшақ омыртқаның артқы бетіне бекиді. Жұлынның 
жуандаған 
мойындық
 
буылтығы

intumescentia  cervicalis
    және 
бел  –  сегізкөздік 
буылтығы

intumescentia  lumbosacralis,
  бар,  олардан  қол  және  аяқ  нервтеледі,  сондықтан 
аталған буылтықтарда нейрондар көп орналасқан,.Жұлынның  алдыңғы бетінде 
алдыңғы 
орталық саңылау
,   
fissura  mediana  anterior
, артқы бетінде 
артқы орталық жүлге

sulcus 
medianus    posterior
,орналасқан,  олар  жұлынды  симметриялық  екі  бөлікке  бөледі. 
Жұлынның  әрбір  жартысында 
алдыңғы
 
латералды  жүлге

sulcus    anterolateralis
 
және 
артқы латералды жүлге

sulcus  posterolateralis,
  өтеді.  Артқы латералды жүлгеге 
артқы 
түбіршік,  radix  posterior 
(сезімтал),    енеді.  Бұл  түбіршіктің  алдыңғы  түбіршікпен 
қосылатын жерінде   
жұлын түйіні

ganglion  spinale,
    орналасқан,  ол  жалған  бір  өсінділі 
(жалған  униполярлы) 
сезімтал
  нейрондардан  түзілген.  Осы  нейрондардың  орталық 
өсінділері (аксондары) артқы түбіршікті  құрайды. Алдыңғы латералды жүлгеден


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет