Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет188/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

 
Лимфа тамырлары 
Лимфа  капиллярларының  қабырғасының  құрылысы  өзгеріп  жуандайды  да,  лимфа 
тамырларына  айналады.  Ағза  ішіндегі  және  көп  жағдайда  ағза  сыртындағы  лимфа 
тамырлары  эндотелийінің  сыртында  жұқа  дәнекер  тінді  қабық  орналасады  (бұлшықетсіз 
тамырлар). Ірірек лимфа тамырларының қабырғасы 3 қабықтан тұрады: 
1.
 
Эндотелийлік – tunica interna. 
2.
 
Бұлшықеттік – tunica media. 
3.
 
Дәнекертіндік – tunica externa, s.adventitia. 
Лимфа тамырларында қақпақшалар (клапандар – valvule lymphaticae) орналасады, олар 
лимфаны  бір  бағытта  өткізуге  көмектеседі.  Егер  лимфа  капиллярларында  қақпақша 
кездесетін болса, олар лимфа посткапиллярылары болып есептеледі. Әр қақпақшалар ішкі 
қабықтың қарама-қарсы орналасқан бір қатпарынан түзілген (ішкі ағзалар ішінде 2-3 мм-
ден  12-15  мм  дейін  іріленеді).  Қақпақшалар  орналасқан  жерде  лимфа  тамырлары 
кеңейген,  ал  қақпақшалар  аралығында  тарылған.  Осы  кең  және  тар  жерлерінің  өзара 
алмасып отыруы лимфа тамырларына ұсақ моншақ тәрізді пішін береді. Қақпақшааралық 
сегменттер лимфангиондар деп аталады. 
Лимфа ағының қамтамасыз ететін жағдайлар: 
1.
 
Түзіліп отыратын лимфа қысымы, тегеуріні. 
2.
 
Лимфа  тамырларының  бұлшықет  қабығының  жиырылуы.  Олар  ағза  сыртындағы 
лимфа  тамырларында  айдаушы  ролін  атқарады,  минутына  8-10  кейде  20  рет 
жиырылады. 
3.
 
Қаңқалық  бұлшықеттер  мен  ішкі  ағзалар  (асқазан,  ішек                                            т.с.с.  ) 
құрамындағы бірыңғай салалы бұлшықеттер жиырылуы. 
4.
 
Қан тамырларының соғуы, лүпілі. 
5.
 
Тыныс алу кезінде кеуде қуысында пайда болатын теріс қысым.   
Әдетте лимфа тамырлары қан тамырларының қасында орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет