Лимфа жүйесі
Тамырлар жүйесі туралы ілім – ангиология деп аталады.
Бұл жүйеге қан
тамырлары және лимфа жүйелері жатады. Ағзалар мен тіндерге қоректік заттар
артериялық қан тамылары арқылы әкелінсе, ал олардан зат алмасу қалдықтары вена және
лимфа тамырлары арқылы әкетілінеді. Лимфа веналық жүйенің қызметін толықтырады.
Лимфа жүйесінің құрамы: ағзалар мен тіндерде тарамдалған лимфа капиллярлары,
лимфа тамылары, лимфа түйіндері, веналар жүйесіне барып құятын ірі лимфа тамырлары
(сабаулар мен түтіктер).
Лимфа түйіндері қазіргі уақытта иммундық жүйе құрамына (жілік майы, тимус,
лимфа түйіндері, ішектің жеке және топталған лимфатәрізді түйіншелері, бадамшалар,
көкбауыр) енгізілді.
Лимфа жүйесі – зат алмасуға қатынасады, ағзалар мен тіндерден зат алмасу
қалдықтарын, табиғаты бөтен заттарды шығарады.
Лимфа – адам денесіндегі екінші сұйықтық орта. Лимфа дегеніміз мөлдірлеу,
ересек адамдарда сәл сарғыштау, жаңа туған нәрестеде сүт түстес ақ сұйықтық. Ол
химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас. Құрамындағы минералдық тұздар мен
органикалық қосылыстардың мөлшері қан плазмасындағыдай, бірақ ақуыз мөлшері
қандағыдан аз және әр мүшеде әртүрлі. Лимфада лимфоциттер мен ағзадан
лейкоциттердің түрлері бар, ақуыз- протромбин және фибриноген аз, сондықтан лимфа
өте баяу ұйиды (10-15
1
). Ұйыған кезде сарғылт түсті жұмсақ қоймалжыңға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |