Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет186/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

 
 


245 
 
Лимфа капиллярлары 
Лимфа жүйесі капиллярлардан басталады. Олардың диаметрі 10 мм-ден 200 мм-ге 
дейін,  пішімі  тегіс  емес,  бүйірлік  шығыңқы  жерлері  бар,  ал  қантамырлар 
капиллярлары 5-тен 25 мм-ге дейін. 
Лимфа  капиллярлары  қабырғасы  тек  бір  қабат  эндотелийден  тұрады.  Олар 
микрожіпшелер  арқылы  жанында  жатқан  коллаген  талшықтарына  бекиді.  Мұндай 
құрылым лимфа капиллярларларының ашық жағдайда болуын қамтамасыз етеді. 
Лимфа  каипллярлары  пішіні  саусақ  тәріздес  (жіңішке  ішек  бүрлерінде),  кеңейген 
қапшық  тәрізді  (өт  қуықта)  және  жабық  (тұйық)  тор  тәрізді  (ағзалардың  басым 
көпшілігінде) болып кездеседі. 
Капиллярлар  торының  орналасуы  ағзалардың  құрылысына  байланысты:  қуысты 
ағзалардың  қабырғаларындағы  қабаттарында,  серозды  қабықтарда  (ішастар,  өкпеқап) 
бір жазықтықта; паренхималы ағзаларда (бүйрек, бауыр) 3 жазықтықта орналасады. 
Дәнекер  тінде  лимфа  капиллярларларымен  қатар  қан  тамыр  капиллярлары 
орналасады.  Тейхман  ережесі  бойынша  эпителийге  немесе  эндотелийге  жақын  қан 
тамыр капиллярлары, ал тереңірек лимфа капиллярлары орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет