Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Көкбауыршілік қантамырлар



Pdf көрінісі
бет182/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

 
Көкбауыршілік қантамырлар 
Көкбауыр  артериясы  және  оның  ағзаалдылық  тармақтары  әуелі  сегментік 
артерияларға  бөлінеді,  олар  көкбауыр  негізіне  (перенхима)  кіргеннен  соң  өз  ретінде 
қалқалық  (трабекула)  артерияларға  бөлінеді.  Олар  көкбауырға  терең  жайылып  қалқалар 
(дәнекер  жасушалық  қалқалар)  ішіне  кіреді.  Әрі  қарай  қалқалық  артериялар  қалқадан 


242 
 
шығып  пульпаға  енеді  де  жалғасы  пульпалық  артериялар  деп  аталады,  олар  артерия 
жанында  екі  қатар  орналасқан  Т-лимфоциттерден  тұратын  лимфатәрізді  муфталармен 
қоршалған, ал пульпалық артериялар орталық артерияларға бөлінеді, оларда лимфатәрізді 
түйіншелер  орналасқан.  Лимфатәрізді  түйіншелерден  шығысымен  орталық  артериялар 
бірнеше қылқаламтәрізді (кисточковые) артериолдарға (arteriolae penicillaris) бөлінеді.  
Қылқаламтәрізді  артериолдардың  дистальды  ұштарында,  нақтылап  айтқанда 
макрофагты-лимфатәрізді эллипстік муфталар орналасқан. 
Қылқаламтәрізді  артериялар  прекапиллярларға  жалғасады,  ал  олар  веналық 
қуыстарға ашылатын капиллярлармен бітеді. Веналық қуыстарда қан ағысы баяулайды да 
жинақтаушы  венулаларға  өтеді.  Жинақтаушы  веналар  пульпа  веналарына,  ал  олар  өз 
ретінде қалқалық веналарға жалғасады. Қалқалық веналар арқылы веналық қан көкбауыр 
венасына ашылады. Көкбауыр венасы бауырдың қақпа венасының бір құйылымы болып 
табылады да онымен көкбауырдан веналық қан бауырға ағады. 
Веналық қуыстардың кіретін және шығатын шеттерінде жинақтаушы қуысқа өтетін 
аймақтарында қысқыштар (сфинктр) орналасқан. Олардың қызметі жиырылулары арқылы 
қанды көп мөлшерде өздерінде ұстай алады. 
Knisley кварцты сәулелерді қолдану арқылы веналық қуыстардың қысқыштарының 
жиырылуы  мен  босаңсынуына  байланысты  веналық  қуыстық  қанға  толу  деңгейімен 
пішіндерін  анықтады,  ол оны  кезеңдер  деп  атады.Қысқыштардың  екеуі  де  босаңсығанда 
қуыстар  тарылады,  бұл  «өткізу»  кезеңі,  шығу  қысқышы  жиырылып,  ал  кіру  қысқыш 
босаңсығанды  «толтыру»  -  сүзу  (фильтрация)  кезеңі  деп  аталады,  бұл  кезде  қуыстар 
қабырғалары  арқылы  эритроциттер  өте  алмайды,  бірақ  айналасын  да  орналасқан  қызыл 
пульпаға  плазманы  өткізеді.  Егер  веналық  қуыс  эритроциттерге  толып  және  шығу 
қысқышы  жиырылыста  болса  онда  келесі  «жиналу»  кезеңі  басталады.  Егер  екі 
қысқыштарда ашық болса эритроциттер қан ағынына түседі бұл «босану», «босау» кезеңі. 
Капиллярлармен  жинақтаушы  веналарды  бір-бірімен  тікелей  байланыстыратын  жанама 
қантамырлар  бар,  оларды  «байланыстырушылар»  деп  атайды,  ол  жедел  жағдайда,  не 
болмаса  көп  қан  жоғалтқанда  веналық  қуыстарды  жанап  өтіп  орталық  қантамырларға 
қанды тікелей өткізеді. 
Жоғарыда  аталған  қылқаламтәрізді  артериялардың  тікелей  веналық  қуыстарға 
ашылуын «тұйықталған» айналым жүйесі немесе микроайналымның тұйықталған түрі деп 
аталады. Бұдан басқа «тұйықталмаған» айналым жүйесі туралы да жорамал бар. Олардың 


243 
 
пікірлері  бойынша  қылқаламтәрізді  артерия  капиллярлары  қойнауаралық  қызыл 
пульпаның  торлы  ұлпасына  тікелей  ашылады  да,  қан  жасушалары  біртіндеп  қызыл 
пульпадан қойнау қабырғаларындағы майда тесіктер арқылы оның қуысына енеді. Бірақта 
көкбауырда айналымның екі түріде болуы мүмкін және олардың әрқайсысының қызметі 
сол уақыттағы ағзаның қызметтік сипатына тікелей байланысты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет