Қойнаулар (синустар) Қойнаулар деп қабырғалары жалпақ эндотелийтәрізді жасушалардан тұратын, ал
іші қан жасушалары орналасуы мүмкін талшықтық тін торымен толған түйін затындағы
тар кеңістікті атаймыз. Қойнаулардың қабырғаларын астарлайтын жасушаларды
ретотелийлік деп атайды, олардың өзінің екі түрі бар:
1) Литоральдық жасушалар – қойнаулардың қабырғаларын астарлайтын.
2) Меншікті ретотелийлік – қақпа іші арқылы өтетін.
Қойнаулардың құрылымы олардың қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Шеткі
қойнауға қарағанда аралық қойнаудың құрылысы күрделілеу. Шеткі қойнаудың қабықтық
бетінен үш қабаттан тұратын жақсы жетілген базальдық жарғақты байқауға болады, ал
шеткі және аралық қойнаулардың ішкі беттерінде базальдық жарғақтар болмайды, олар
коллагендік талшықтардан тұратын, жіңішке жіпшелермен қоршалған ретотелийлік
жасушалармен астарланған.
Анатомиялық лимфаның түйін арқылы екі өту жолын айырады:
1) Лимфа, әкелуші тамырлар арқылы алдымен шеткі қойнауға құйылады, әрі қарай
қыртыстық және милық заттардың аралық қойнаулары арқылы өтіп қақпақтық қойнауға
жетіп әкетуші тамырлар арқылы түйіннен шығады. Бұл жолды «қисық» деп атайды және
ол зат алмасу үрдісіне тиімділеу.
2) «Түзу» жол, қысқа, әкелуші тамырлармен лимфа әуелі шеткі қойнауға құйып әрі қарай
түйіннің заттары арқылы өтпей тікелей қақпақтық қойнауға жетіп әкетуші тамырлар
арқылы түйіннен шығады.