Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет179/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

 
Көкбауыр анатомиясы 
Көкбауыр сол қабырғаасты түбінде көкет күмбезінің астында орналасқан тақ ағза. 
Оның кеуде торы қабырғасындағы жобасы-ортаңғы қолтық сызығының бойымен ІХ-ХІ-ші 
қабырғалар аралығы. Қалыпты жағдайда дені сау адамдарда оны сипап табу мүмкін емес, 


239 
 
себебі  алдыңғы  жағынан  қабырғаастынан  шықпайды,  ал  арты  омыртқа  бағанасына 
жетпейді.  Ересек  адамдарда  тіктелген  жағдайда  көкбауырдың  бойлық  білігі  Х-шы 
қабырғаның  бағытына  сәйкес  келеді.  Көкбауырдың  екі  жиегін  айырады  1)  тіліктелген, 
үшкірлеу-жоғарғы  2)  төменгі  –  жайпақ.  Жоғарыда  аталған  жиектер  бір-бірімен  алды-
артынан қосылып екі ұш түзеді – алдыңғы және артқы. 
Көкбауырдың  олардан  басқа  екі  бетін  ажыратады:  1)  көкеттік  –  көкетпен 
жанасатын, ең үлкен, дөңес және тегіс беті 2) медиалды  
 
(висцеральды) – ішке қараған, ойыс беті, осы бетінде бойлық ұңғыл орналасқан, ол 
көкбауыр қақпасы. 
Көкбауыр  қақпасы  висцеральды  бетті  үш  бөлікке  бөледі:                                                1) 
Асқазандық  –  асқазанның  түбі  мен  денесінің  артқы  беттерімен,  біршама  ұйқы  бездің 
құйрығымен жанасатын бөлігі. 
2)  Бүйректік  –  ол  артқы  жағында  орналасқан,  сол  бүйректің  жоғарғы  ұшы  және  сол 
бүйрекүсті безімен жанасады. 
3)  Жиектік  –  жиек  ішегінің  сол  иілімімен,  көкбауыр  –  бауыр  байламымен  жанасқан 
көкбауырдың  алдыңғы  ұшындағы  алаң.  Көкбауыр  ішастармен  интраперитонеальды 
қамтылған,  оның  бекітуші  аппаратына  іш  тығыршығы,  ішастар  және  айналасын  қоршап 
жатқан  ағзалар  жатады,  осылармен  қатар  бірнешге  байламдар  көкбауырдың  бекуін 
қамтамасыз етеді. Олар: көкбауыр -бүйрек, көкбауыр – асқазан байламдары. 
Жиек ішектің сол иілімінен көкетке байлам барып ол көкбауырдың бекуіне әсерін 
тигізетін  қалта  түзеді  және  ол  өзінің  алдыңғы  ұшымен  осы  қалтаға  келіп  тіреледі  де  өз 
ретінде  көкбауырдың  төмен  түсуіне  кедергі  келтіреді  (А.П.  Сорокин  ж.б.,  1989). 
Көкбауырдың көлемі адамның жас шамасына сәйкес өзгеріп отырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет