Көкбауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. Ағзасыртылық қантамырлар Көкбауыр іш қолқасының құрсақ сабауының бір тармағы a. lienalis арқылы қанмен
қамтамасыз етіледі. Көкбауырлық артерия ағзаға кірер бұрын бірнеше тармақтарға
бөлінеді, бірақ олардың саны және орналасуы жайлы көп қарама-қарсы пікірлер бар.
Біріншелері артерия ағзаға кірер бұрын 2-ге бөлінеді десе, екіншілері 3 немесе одан до көп
тармақтарға бөлінетініне тоқталады.
Осы авторлардың көрсетуі бойынша:
57%-да артерия ағзаға кірер алдында 2-ге бөлінеді.
12%-да 3-ке бөлінеді.
8%-да 3-тен көпке бөлінеді.
23%-да тіпті бөлінбейді.
Артерия көкбауырға 2,2 см жетпей бөліне бастайды. Артерияның тармақтарының
санына байланысты бірнеше түрлерін айырады:
1.
Бір тармақты (алдыңғы)
2.
Екі тармақты(алдыңғы, артқы)
3.
Үш тармақты (алдыңғы, артқы, ортаңғы)
4.
Көптармақты.
Көкбауырлық артерияның тармақтарының пішіні әртүрлі: түзу, доғатәрізді және S-
тәрізді. Көкбауырдың екі ұшына алдыңғы және артқы ұштық артериялар жақындайды,
бірақ бұлар тұрақты емес. Ұзындығы мен көлемдері үнемі өзгеріп тұрады. Түбірі
аймағында қосалқы артерияларды байқауға болады. Солардың арасындағы ең жиі
кездесетіні сол асқазан -шарбылық артерия бұларды отаушылық (хирургия)
операцияларда ескеру керек.