Ми сыңарының жоғарғы-латералды беті. Маңдайлық үлес, lobus frontalis .
Орталық жүлгенің алдында және оған паралелл
ді
жүретін
орталықалды жүлгесі ,
sulcus precentralis , аттас қатпарды,
gyrus precentralis,
алдыңғы жағынан шектейді. Маңдай
лық
жоғарғы және төменгі жүлгелер,
sulci frontales superior et inferior, орталықалды жүлгесі
нен
басталып,
алдыға қарай
бір-біріне және ми
сыңарының жоғарғы жиегіне параллел
ді
жүреді. Бұл жүлгелер маңдай
лық
үлес
ті
жоғарғы,
ортаңғы және төменгі қатпарларға,
gyri frontales superior, medius et inferior, бөледі.
Самайлық үлес, lobus temporalis . Самай
лық
жоғарғы және төменгі жүлгелер,
sulci temporales superior et inferior, латералды жүлгеге параллелді жүре отырып, самай
лық
үлес
ті
жоғарғы, ортаңғы және
төменгі қатпарларға,
gyri temporales superior, medius et
279
inferior, бөледі.
Самайлық жоғарғы қатпардың жоғарғы бетінде (латералды жүлгенің
тереңінде) қысқа
самайлық көлденең қатпарлар, gyri temporales transversi, (Гешль
қатпарлары) ораласқан.