Ауызша және жазбаша сөйлеудің қыртыстық орталықтары Ауызша анық сөйлеудің қимыл анализаторының қыртыстық шеті сол жақта төменгі
маңдай қатпарының артқы үштен бір бөлігінде орналасады. Бұл аймақ зақымданғанда
сәйкес бұлшықеттердің немесе олардың тобының ерікті жиырылуы мүмкін болса да сөзді
айту мүмкіндігі жоғалады (қимылдық афазия).
Ауызша сөйлеудің есту анализаторының қыртыстық ядросы жоғарғы самай
қатпарының (22 алаң) артқы бөлігінің тереңінде орналасқан. Бұл орталық зақымданғанда
сенсорлық афазия болады (адам сөзді естиді, бірақ оның мағынасын түсінбейді).
Жазбаша сөйлеудің қимыл анализаторының ядросы ортаңғы маңдай қатпарының
артқы бөлігі мен шекенің төменгі бөлігінде орналасады. Бұл анализатор қызметі жағынан
сол жақ төменгі шеке үлесшесінде орналасатын және хат жазуға қолданылатын әдеттегі
қозғалыстарды басқаратын қыртыстық орталықпен байланысты. Бұл орталық
зақымданғанда хатпен байланысты барлық қимыл сақталады, бірақ әріптер мен басқа да
хаттық белгілерді жазу мүмкіндігі жоғалады (аграфия).
Жазбаша сөйлеудің көру анализаторы ядросы көру анализаторының жалпы
орталығымен байланысып сол төменгі шеке үлесшесіндегі gyrus angylaris-те орналасады.
Үрдісті оқу басқарады. Ядро зақымданғанда көру жоғалмайды, бірақ адам оқу және
жазғанды түсіну мүмкіндігін жоғалтады (алексия).