Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет235/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Жамылғының ішкі құрылысы  
Үлкен ми қыртысы
 (cortex cerebri) орталық нерв жүйесінің маңызды бөлігі  болып 
табылады,  ол  жоғарғы  деңгейдегі  нервтік  талдау  және  синтездеу  ағзасы  ретінде  шартты 
рефлекстік  байланыстарды  және  жеке  тәжірибені  қалыптастырады.  Адамның 
жануарлармен  салыстырғанда  үлкен  ми  қыртысының  қызметі  қарым-қатынастың 
символикалық  түрінің  көрінісі  ретіндегі  абстракты  ойлаумен  тығыз  байланысты  анық 
сөйлеу  болып табылады. Үлкен ми қыртысы ми сыңарларының ақ затын жауып тұрады. 
Адамның үлкен ми қыртысының алаңы орташа 22 000 мм
2
, қалыңдығы көп бөлігінде 1,3-
4,5  мм,  тек  орталықмаңы  үлесшеде  ғана  10  мм-ге  жетеді.
 
Қыртыстың  құрамына 


282 
 
нейроглияда орналасқан өте көп нерв жасушалары кіреді. Нерв жасушаларын түріне және 
орналасуына қарай алты табақшаға (қабат) бөледі: І - молекулярлы (lamina molecularis); ІІ 
–  сыртқы  түйіршікті  (lamina  granularis  externa);  ІІІ  –  сыртқы  пирамидалық  (lamina 
piramidalis externa); ІҮ – ішкі түйіршікті (lamina granularis interna); Ү – ішкі пирамидалық 
(lamina piramidalis interna); ҮІ - мультипішінді (lamina multiformis). 
Үлкен  ми  қыртысының  әр  бөлігінің  цитоархитектоникасы  айтарлықтай 
өзгешелігімен  сипатталады  (бірінші  рет  1874  ж.  киевтік  анатом  В.А.Бец  дәлелдеген). 
Қазіргі кезде ми қыртысында әрқайсысы құрылымдық ерекшелігімен өзгешеленетін 200-
дей алаңды ажыратады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет