Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Үлкен ми қыртысының орталықтары



Pdf көрінісі
бет236/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Үлкен ми қыртысының орталықтары 
Үлкен  ми  қыртысы  орталықтарының  орналасуына  қатысты  ұзақ  уақыт  бойы  екі 
теория болды. Біріншісі, қыртыстың нақты бір шектелген бөлігі немесе орталық шеттегі 
нақты  бір  қызметке  сәйкес  келеді.  Екінші  теория  бойынша  қызметі  әртүрлі  шектелген 
орталықтардың  болатыны  теріске  шығарылып,  барлық  қыртыс  салыстырмалы  бірдей 
(эквипотенциализм  теориясы)  деп  қарастырылады.  И.В.Павлов  әр  ми  қыртысы  бірден 
шектелмейтінін, онда ядро мен шашыраңқы бөлік болатынын, шашыраңқы элементтердің 
ядролар  қасында  ғана  емес,  одан  алыста  да  орналасатынын  анықтаған  (ядролар  мен 
шашыраңқы  элементтер  теориясы).  Төменде  үлкен  ми  қыртысында  орналасқан  кейбір 
маңызды нерв орталықтары берілген. 
Gyrus  precentralis
  пен 
lobulus  paracentralis
  қыртыстың  қозғалыс  орталығын  түзеді 
және  ерікті  бұлшықеттерден,  буындардан,  сіңірлер  мен  теріден  келетін  кинестезиялық 
импульстердің анализаторы болып табылады. Осы жерде қимылдың шартты рефлекстері 
түйіседі.  Орталықалды  қатпарының  жоғарғы  бөлігінде  аяқтың  бұлшықеттеріне  жататын, 
одан  төмен  –  қол  бұлшықеттерінің,  одан  да  төмен  –  бас  бұлшықеттерінің  нервтенуімен 
байланысты жасушалар тобы орналасады. Нерв жолдары қиылысатындықтан қыртыстың 
оң  қимыл  орталықтары    дененің  сол  жағының  бұлшықеттерімен  байланысады  және 
керісінше.  
Ортаңғы  маңдай  қатпарының  артқы  бөлігінде  (8  алаң)  бас  пен  көздің 
(көзқозғалтқыш, шығыршық, әкететін және қосымша нервтер) қосарланған қозғалысының 
орталығы орналасады.   
Сол  жақ  төменгі  шекелік  үлесшеде  (солақайларда  оң  жақта)  (40  алаңның  терең 
қабаттары)  мақсатты  бағытталған  қозғалыстарды  реттейтін  орталық  орналасқан.  Бұл 
орталық  жеке  өмір  ағымында  туындайтын,  яғни,  шартты  рефлекстер  кезінде  пайда 
болатын  уақытша  байланыстар  түрі  бойынша  қызмет  атқарады.  Бұл  орталық 


283 
 
зақымданғанда  ерікті  қозғалыстар  элементтері  сақталады,  бірақ  оларды  координациялау 
мүмкіндігі жоғалады (апраксия).  
Статикалық  анализатордың  (тепе-теңдік  қабылдау  мен  кеңістіктегі  дене  жағдайын 
сезіну)  дәл  орналасу  орны  әлі  толық  анықталған  жоқ,  бірақ  бұл  орталық  жоғарғы  және 
ортаңғы самай қатпарларында орналасады деп болжам жасалады. 
Есту  орталығы  жоғарғы  самай  қатпары  қыртысының  аралшыққа  қараған  жағында 
орналасады  (41,  42,  52  алаңдар).  Орталықтың  екі  жақты  зақымдануы  толық  қыртыстық 
кереңдікке әкеледі. 
Gyrus  parahippocampalis
  пен  оның  ілмегінде  иіс  және  дәм  сезу  анализаторларының 
орталықтары  орналасады.  Әр  ми  сыңарының  есту,  иіс  және  дәм  сезудің  қыртысасты 
орталықтары  бастың  екі  жартысының  да  (оң  және  сол)  сәйкес  рецепторларымен 
байланысады. 
Көру  анализаторының  ядросы 
sulcus  calcarinus
-тың  (17,  18  алаңдар)  екі  жағында 
орналасады.  Әр  ми  сыңарының  көру  орталығы  өз  жағының  торлы  қабығының  сыртқы 
жартысымен  және  қарама  қарсы  жақтың  медиалды  жартысымен  байланысады. 
Сuneus
 
аймағында көргенді есте сақтау және көруді бағдарлау орталықтары орналасады.                             
Gyrus  postcentralis
-те  (1,  2,  3  алаңдар)  терілік  анализатор  ядролары  (ауру  сезімінің, 
тактилді,  температуралық  сезімталдық)  жинақталады,  сондай-ақ,  қыртыстың  шетке 
баратын нерв элементтерінің проекциясы олардың орталықалды проекциясымен бірдей.  
Вегетативті  нерв  жүйесі  мен  жалпы  нерв  жүйесінің  өзара  әсерін  реттейтін 
қыртыстық  орталықтар  орталықалды  қатпарының  төменгі  бөлігі  мен  маңдай 
қатпарларында  жинақталған.  Мұнда  ішкі  ағзалардан,  тамырлардан,  бірыңғай  салалы 
бұлшықеттерден  орталыққа  тепкіш  импульстер  түсіп,  ішкі  ағзалардан,  тамырлардан, 
бірыңғай  бұлшықеттерден  қыртысасты  ядролар  мен  төмпеасты  аймағына  орталықтан 
тепкіш импульстер шығады.   
Жоғарыда  айтылғандар  үлкен  ми  қыртысын  сыртқы  және  ішкі  ортадан  сигнал 
түсетін  және  орталықтан  тепкіш  нерв  импульстері  түсетін  сигналдық  тақта  ретінде 
қарастыруға  негіз  болады.  Анализаторлардың  бұл  жүйесін  барлық  жануарларда,  соның 
ішінде,  адамда  болатын  бірінші  сигналдық  жүйе  ретінде  қарастыру  қабылданған 
(И.В.Павлов). 
Адам  эволюциясы  үрдісінде  біріншіден  басқа  еңбек  қызметімен  және  сөйлеумен 
байланысты  екінші  сигналдық  жүйе  пайда  болды.  Бұл  жүйе  түзілуінің  негізінде 
абстрактылы ойды сөз түрінде және бейнелі түрде (бейнелеу өнері т.б.) жеткізу жатады. 
Мұның бәрі нақты бір сигналдар (көру, есту, сипау және т.б.) мен қол, тіл, көмей, бет және 
т.б.  бұлшықеттерінің  қимылдық  орталықтарының  арасында  уақытша  байланыс  орнау 


284 
 
арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  жүйенің  орталықтары  негізінен  үлкен  ми  қыртысының 
филогенездік  жаңа  аймақтарында  орналасады:  37,39,40  (төменгі-шеке-самай  аймақтары) 
және  44,45,46 (төменгі маңдай аймағы) алаңдар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет