Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет238/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Ми қабықтары 
 
  Омыртқалылардың  орталық  нерв  жүйесі  берік  қорғалған.  Ми  бассүйектің  ми  сауытымен 
жабылса,  жұлын  омыртқа  өзегімен  қоршалған.  Ми  мен  жұлыннан  шеткі  нервтер  шығатын 
тесіктер  олар  үшін  сүйектік  қорғаныштық  қабық  түзеді.  Бұлардан  бөлек  орталық  нерв жүйесі 
үш милық қабықтармен қоршалған  және қорғалған. Ең сыртқысы – мидың қатты қабығы (dura 
mater), біршама берік, талшықты дәнекер тіннен түзілген. Қатты қабық бассүйектің ішкі бетін 
астарлап, оның сүйек қабығымен бітіседі; тек қана миден қанды алып шығатын ірі веналық қан 
тамырлары өтетін аймақтарда ғана бос кеңістіктер пайда болады. Омыртқа бағанасынан мидың 
қатты қабығы майлы қабатпен және эпидуральді веналық өріммен бөлінген. 
     Бассүйек қуысында, ірі-ірі веналық қойнаулар орналасқан аймақтардан қатты қабықтың ішкі 
жапырақшасы  біршама  алшақтаған  соң,  мидың  кейбір  басты  бөліктерін  бір-бірінен  бөлетін 


285 
 
тығыздалған  дәнекер  тінді  табақшаларға  айналады.  Солардың  біреуі  –  үлкен  ми  орағы  (falx 
cerebri) ми сыңарлары арасында орналасқан. 
 Мишық шатыры  (tentorium cerebelli) – мидың артқы шұңқырында көлденең, мишық пен үлкен 
ми  арасында  жатыр.  Мишық  шатырының  алдыңғы  жиегінде  ми  сабауы  өтетін  тілік    (incisura 
tentorii)  бар.  Қатты  қабықтың  енді  бір  қабығы  түрік  ертоқымында  жатқан  гипофизді 
оқшаулайтын  ертоқым  көкеті  (diaphragm  sellae),  қатты  қабықтан  түзілген  тағы  бір  қуыс,  ол 
үшкіл нервтің тйіні мен тармақтары жайғасқан үшкілдік қуыс (cavum trigeminale). 
        Торлы  қабық  (arachnoidea)  –  мимен  жұлынды  қоршаған,  созылмалы  талшықты  тіннен 
құралған  және  қатты  қабық  астында  орналасқан  біршама  жұқа  жарғақ.  Торлы  қабық  қатты 
қабықтан қатты қабық астындағы кеңістікпен  (spatium  subdurale) бөлінген. Қалыпты жағдайда, 
бұл кеңістік  болмайда (сондықтан оны жиі «болуы мүмкін кеңістік» деп атайды). Қатты қабық 
пен  торлы  қабық  бір-бірімен  тығыз  жанасқан,  сонымен  қатар  оларды  байланыстыратын 
түзілістер  де  болмайды.  Торлы  қабық  астындағы  кеңістік,    шағын  қысымы  бар  ми-жұлын 
сұйықтығымен толған. Сұйықтықтың қысымы торлы қабықты сыртқа қарай итеріп оны қатты 
қабықпен тығыз жанастырады. Торлы қабық астында жатқан  жұмсақ қабықпен (pia mater) өте 
нәзік аралықтар арқылы байланысқан. Осы қабықтар бір-бірінен іші ми-жұлын сұйықтығымен 
толған  торлы  қабық  астындағы    (spatium    subarachnoidale)  кеңістікпен  бөлінген.  Жұмсақ 
қабықтың  торлы қабықтан ерекшелігі ол ми мен жұлынның өне бойы бетімен  тығыз қосылған 
және  жұмсақ  қабық  астроциттерден  беткей  қабатымен  қосылып  пиаглиальді  жарғақ  деп 
аталатын түзіліспен байланысқан. Торлы қабық астындағы кеңістіктің кейбір бөліктері кеңейіп 
цистерналар түзеді.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет