Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет240/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Мидің қарыншалар жүйесі 
 
  Эмбриологиядағы  мәліметтерге  сүйенсек  омыртқалылардың  нерв  жүйесі  қуысты  түтік 
түрінде дамиды. Оның кеңейген краниальді бөлігінен ми сыңары дамиды да, ал түтік қуысы 
оған  әрі  қарай  енеді.  Нерв  түтігінің  иілуі  ми  сыңарларда  түзілістердің    қалыптасуының, 
қанат тәрізді және негізгі табақшалардың өсуінің  нәтижесінде нерв түтігі өзегінің диаметрі 
біртіндеп  кішірейе  бастайды,  ал  ақ  зат  талшықтарының  миелинизациясы  және  соңғы  ми 
түбінің  медиальді  бөліктерінен  жолақ  дененің  дамуы,  ересек  адамдардың  миіне  тән  ми 
қарыншалары,  ми  суқұбыры  және  қарыншалар  жүіесінің  әр  түрлі  тесігін  қалыптастырады. 
Төртінші қарыншаның артқы бөлімінде екі бүйір тесіктер (aperture lateralis ventriculi quarti) 
орналасқан,  олар  арқылы  ІV  –  қарынша  торлы  қабық  астындағы  кеңістікпен  қатынасады.    
Төртінші қарыншаның  ең артқы бөліміндегі аймақтың төбесі өте жұқарып тесік түзіледі, ол 
арқылы ІV - қарыншадағы  жұлын-ми сұйықтығының бір бөлігі жоғарыда аталған кеңістікке 
шығуы мүмкін. Бұл төртінші қарыншаның ортаңғы тесігі (aperture mediana  ventriculi quarti 
немесе  Мажанди  тесігі).  Қарыншалармен  үшінші  қарыншаны  төртінші  қарыншамен 
байланыстыратын ми су құбырының қабырғалары эпендималық жасушалармен астарланған. 
Бұл  эпендималық  астар  алғашқы  нерв  түтігінің  ұрықтық  эпителийінің  туындысы.  Толық 
қалыптасқан  мидің  эпендима  жасушаларында    кірпікшелер  пайда  болып,  олар  толығымен 
герменагивтік  қасиетін  жоғалтады.  Бірақта,  көптеген  жануарларда  эпендимилық  астардың 
жасушаларының  бөлінуі  (митоз)  өмір  бойы  жалғаса  береді.  Бұдан  бөлек,  эпендима 
жасушалары қай жаста болмасын еріксіз бөліне беруі мүмкін, осының нәтижесінде қарынша 
ішілік  ісіктер  пайда  болады.  Эпендима  жасушаларының  толқын  тәрізді  қағуы  жұлын-ми 
сұйықтығы  ағымының  бүйір  қарыншалардан  үшініші  қарыншаға  одан  әрі  ми  суқұбыры 


287 
 
арқылы төртінші қарыншаға және Люшко тесігіне бағытталуына көмектеседі. Бұл, жұлын-
ми  сұйықтығының  мидің  қарыншалар  жүйесінен  шығатын  тесігіне  күмәнсіз  бағытталуына 
жағдай  жасайды.  Мидың  аймақтарында  эпендима  астары  жасушаларының    гистологиялық 
әртүрлілігі байқалады. Сөйтіп, сұр заттың үстінде (мысалы, құйрықты ядроның немесе көру 
төмпесінің  )  бұл  жасушалар  созылған  цилиндр  тәрізді  пішінді,  ал  ақ  заттың  үстінде  олар 
жазық жасушаларға айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет