Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет244/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Иіс сезу нерві (І) 
        Иіс сезу нерві, nn. оlfactorii – І жұп нерві. Ол мұрын қуысының  иіс сезу аймағының  
шырышты  қабығындағы  биполярлы  иіс  сезу  жасушаларының  орталық  өсінділерінен 
құралған. Иіс сезу нерві біртұтас сабауға жиналмайды, бірақ торлы сүйектің тесіктелген 
табақшасы арқылы бассүйек ішіне өтетін бірнеше будалар (15-20) қалыптастырады. Иіс 
сезу нерві иіс сезу буылтығының жасушаларында аяқталады. 
 
Көру нерві (ІІ) 
      Көру  нерві,  n.opticus  –  ІІ
 
жұп  нерві,  торлы  қабықтың  соқыр  дақ  (көру  нерві  дискісі) 
аймағында  жақындасатын  торлы  қабықтың  ганглиялық  қабатының  мультиполярлы 
нейрондарының  аксондарынан  түзілген.  Көру  нервінің  құрамында  1  млн.  шамасында 
талшықтар бар, сондықтан оның жуандығы қабықтарымен бірге 4 мм құрайды. 
Топографиясы бойынша көру нерві төрт бөліктен тұрады: 
1)
 
Көз іші бөлігі  - склера мен тамырлы қабықты тесіп өтеді; 
2)
 
Көзұялық бөлік –   көз алмасы мен көру  өзегі аралығында; 
3)
 
Өзек іші бөлігі – көру өзегінің ұзындығымен бірдей; 
4)
 
Бассүйек  іші  бөлігі  –  ми  негізінде,  торлы  қабық  астындағы  кеңістікте,  көру 
өзегінен көру қиылысына дейін. 
 
Көру  нервінің  жалпы  ұзындығы  50  мм  шамасында.  Сонымен  бірге  ең  ұзыны 
көзұялық  бөлігі  (25-30  мм)  Көру  нерві  көзұяда  жан-жағынан  ішкі  және  сыртқы 
қынаптармен  қоршалған,  олар  мидың  қатты  және  жұмсақ  қабықтарының  жалғасы,  әрі 
қарай  склераға  ұласады.  Қынаптар  арасында,  мидың  қабықаралық  қуыстарына  ағып 
шығатын көзіші сұйықтығы бар саңылау тәрізді қынапаралық кеңістік жатыр. 
Көзұялық    бөліктің  орта  жерінде  көру  нервінің  сабауының  астынан  торлы 
қабықтың орталық артериясы (көз артериясының тармағы) кіреді, ол сәйкес венамен бірге 
көру  нервінің  ішінде  орналасады.  Ми  негізінде  оң  және  сол  көру  нервтері  бір-бірімен 
жақындасып жартылай көру қиылысын – «Хиазма» құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет