Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет249/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Бет нерві (VІІ) 
           Бет  нерві,  n.facialis  –  бассүйектің  VІІ-жұп  нерві,  сезімтал,  қозғалтқыш  және 
парасимпатикалық  талшықтардан  тұрады.  Қозғалтқыш  талшықтары,  ми  көпірінің 
тереңінде,  бет  төмпешігінің  астында  орналасқан  қозғалтқыш  ядроның  аксондарынан 
құралған.  Сезімтал  талшықтар,  бет  өзегінің  иіліміндегі  сезімтал  иін  түйінінің,  ganglion 
geniculi,  псевдоуниполярлы    жасушаларының  орталық  өсінділерінен  түзілген.  Көпірде 
сезімтал  талшықтар  жеке    жол  ядросында,    nucl.solitarius    бітеді.  Бет  нервінің 
парасимпатикалық  преганглионарлық  талшықтары  ми  көпірінің  жамылғысында  жатқан 
екі  парасимпатикалық  (секреттік)  ядролардан:  жоғарғы  сілекей  бөлетін  ядро, 
nucl.salivatorius  superior    көзжас  ядросынан    nucl.  lacrimalis,  басталады.  Бет  нерві  миден 
VІІІ  жұптан  ішке,  көпір-мишық  бұрышынан  шығады.  Топографиялық  бет  нервінің  үш 
бөлігін ажыратады: беттік өзекке кіргенге дейін, беттік өзекте, беттік өзектен шыққаннан 
кейін. 


298 
 
       Бірінші  бөлігінде  нерв  тармақтар  бермейді.  Бет  нервінің  екінші  бөлігінен  үш  тармақ  
шығады: 
1)
 
Үлкен  тасты  нерв,    n.petrosus  major,  құрамы  бойынша  парасимпатикалық.  Ол  жоғарғы 
сілекей  бөлетін  және  көз  жас  ядроларының  аксоны  болатын  преганглионарлық 
талшықтардан түзілген. Үлкен тасты нерв, бет нервінің иіні тұсында басталып, онана әрі 
самай  сүйек  пирамидасындағы  аттас  өзек  арқылы  өтіп,  саңылау  арқылы  пирамиданың 
алдыңғы  бетіне  шығады.  Онан  әрі  аттас  жүлгемен  жыртық  тесікке  жетіп,  ол  арқылы 
бассүйек  негізінің  сыртында    орналасқан  қанаттәрізді  өзекке  кіреді.  Өзек  нервті 
қанаттаңдай шұңқырында орналасқан қанаттаңдай түйініне жеткізеді. Нерв қанат таңдай 
түйінінің нейрондарында бітеді. Айта кету керек, қанат тәрізді өзекте үлкен тасты нервке 
ішкі  ұйқы  артериясы  өрімінен  симпатикалық  нерв  –  терең  тасты  нерв,  n.petrosus 
profundus  қосылады, біріккен нерв, қанаттәрізді  өзектің нерві, n. canalis pterygoidei  деп 
аталады. 
     Бұрын  көрсетілгендей,  қанаттаңдай  түйіні  жоғарғы  жақсүйек  нервінен  түйіндік 
тармақтар,  rami  ganglionares  алады,  ал  оның  постганглионарлық  талшықтары  таңдай 
нервтерімен,  nn.palatini,  мұрынның  артқы  нервтері,  nn.nasales  posteriorеs,  құрамында 
ауыз және мұрын қуыстарының шырышты бездеріне жетеді.  
  Көзжас безіне қанаттаңдай түйінінен шығатын постганлионарлық секреттік талшықтар 
басында  бетсүйек  нерві  құрамында  болады,  сонан  соң  одан  бөлініп  анастамоз  арқылы 
көз жас нервіне (көз нервінің тармағы) қосылады. 
2)
 
Дабыл  ішегі,  chorda  tympani,  ірі  аралас  нерв.  Ол,  тілдің  алдыңғы  2/3  бөлігін  сезімтал 
дәм  сезумен  қамтамасыз  ететін  дәм  сезу  талшықтарынан  және  төменгі  жақсүйекасты 
және  тіласты  сілекей  бездеріне,  тілдің  майда  бездеріне  баратын  парасимпатикалық 
преганглионарлық 
(секреттік) 
талшықтардан 
құралған. 
Парасимпатикалық 
преганглионарлық  талшықтар  жоғарғы  сілекей  бөлетін  ядроның  нейрондарынан 
басталып  төменгі  жақсүйекасты  және  тіласты  түйіндердің  нейрондарында  бітеді.  
Сілекей бездеріне осы түйіндердің парасимпатикалық постганглионарлық талшықтары 
келеді. Дабыл ішегі бет нервінен беттік өзектің төмендеген бөлігі тұсында шығады да 
кері  қайтып  дабыл  қуысына  кіреді,  сөйтіп  самай  сүйек  пирамидасынан  тас-дабыл 
саңылауы  арқылы  шығады.  Дербес  нерв  болып  5-10  мм  өткеннен  соң  дабыл  шегі  тіл 
нервімен қосылып (төменгі жақсүйек нерві тармағы) оның құрамында тіл бүртіктеріне  
және вегетативтік түйіндерге жетеді. 
3)
 
 Үзеңгі нерві, n.stapedius, қозғалтқыш, бет нервінен беттік өзектің төмендеген бөлігінде 
шығады,  үзеңгі  бұлшықетін  нервтендіреді.  Бет  нервінің  беттік  өзектен  шыққаннан 
кейінгі тармақтары: 


299 
 
1)
 
артқы  құлақ  нерві,    n.  auricularis  posterior  –  құлақтың  артқы  бұлшықетіне, 
бассүйек үстілік бұлшықеттің шүйделік қарыншасына; 
2)
 
қос  қарыншалы  тармақ,  ramus  digastricus–  қос  қарыншалы  бұлшықеттің  артқы 
қарыншасына 
3)
 
біз– тіласты тармақ, ramus stylohyoideus –  біз– тіласты бұлшықетіне.  
      Сонан  соң  бет  нерві  шықшыт  безіне  кіріп  бір–  бірімен  қосылған  5-6  тармақтарға 
бөлінеді.  Сонымен  шықшыт  безі  ішінде  шықшыт  өрімі,  plexus  parotideus,  түзіледі. 
Онан 5 қозғалтқыш тармақтар шығады: 
1)
 
самайлық  тармақтар,    rami  temporalis,  бассүйек  үсті  бұлшықетінің  маңдайлық 
қарыншасына,  құлақтың  алдыңғы  бұлшықетіне  және  көздің  дөңгелек 
бұлшықетіне; 
2)
 
бетсүйектік  тармақтар,    rami  zуgomatici,  көздің  дөңелек  бұлшықетіне  және 
бассүйектің үлкен бұлшықетіне; 
3)
 
ұрттық  тармақтар,    rami  buccales–  бетсүйектің  үлкен  және  кіші  бұлшықетіне, 
жоғарғы  ерінді  көтеретін  бұлшықетке,  ұрт  бұлшықетіне,  езуді  көтеретін 
бұлшықетке, күлкі, мұрын  және ауыздың дөңгелек бұлшық еттеріне; 
4)
 
төменгі жақсүйектің жиектік тармағы,  ramus marginalis mandibulaе, езуді түсіретін 
бұлшықетке,  төменгі ерінді түсіретін бұлшықетке, иек бұлшықетіне; 
5)
 
мойындық тармақтар, ramus colli– мойынның тері асты бұлшықетіне. Бұл тармақ 
төменгі  жақсүйек  бұрышының  артымен  мойынға  өтіп  мойын    мойын  өрімінің 
көлденең  нервімен  қосылып,  беткей  мойын  ілмегін,    ansa  cervicalis  superficialis, 
түзеді. Қалған қозғалтқыш тармақтар құлақ қалқаны бүртігінің алдында желпініш 
тәрізді орналасып   бірнеше рет соңғы тармақтараға    бөлінеді; 
        Сонымен, 
бет  нерві  нервтендіреді:  барлық  бет  бұлшықеттерін,(ымдау 
(мимикалық)), үзеңгі бұлшықетіне, тілдің алдыңғы 2/3  бөлігіндегі дәм сезу бүртіктерін, 
төменгі жақсүйек асты және тіл асты сілекей бездерін, таңдайдың шырышты бездерін, 
мұрын қуысын және көзжас безін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет