300
түйінінің биполярлы жасушаларының орталық өсінділерінің жиынтығы VІІІ жұп
нервтің ұлулық бөлігін, pars cochlearis , құрастырады.
Кіреберіс түйіні, ganglion vestibulare, ішкі есту өтісінің түбінде жатыр. Бұл түйіннің
жасушаларының шеткі өсінділері кіреберіс рецепторларында: алдыңғы және артқы және
латеральді ампулалық нервтер, nn.ampullares anterior, posterior et lateralis, эллипсті –
қаптық нерв, n.utricularis, эллипсті – қаптық – ампулалық нерв, n.urticuloampullaris,
дөңгелек – қаптық нерв, n.saccularis бітеді, ал ортаңғы кіреберіс түйінінің биполярлы
жасушаларының орталық өсінділері VІІІ-жұп нервтің кіреберіс бөлігін, pars vestibularis,
құрастырып, кіреберіс ядроларына (медиальді, латеральді, жоғарғы және төменгі)
барады. Ішкі құлақ рецепторларынан кіреберіс –ұлу нерві ішкі есту өтісіне бет алады.
Одан шыққан соң көпір–мишық бұрышы аймағында бет нервінен сырттай ми көпіріне
кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: