Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет253/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Қосымша нерв (ХІ жұп) 


304 
 
          Қосымша нерв, n.accessorius, бассүйек нервтерінің  ХІ – жұп нерві, қозғалтқыш. Екі 
қозғалтқыш  ядроның  нейрондарының  аксондарынан  түзілген.  Біреуі  сопақша  миде, 
ромбтәрізді  шұңқырдың  түбінде,  ал  екіншісі  І  –  VІ  –  жұлын  сегменттерінің  деңгейінде, 
алдыңғы  мүйізі  маңында  орналасқан.  Осы  ядроларға  сәйкес  қосымша  нервтің  сопақша 
мидің артқы бүйір жүлгесінің төменгі бөлігі арқылы шығатын, бассүйектік түбіршіктері, 
radices  craniales,  және  жұлынның  алдыңғы  латеральді  жүлгесімен  артқы  латеральді  
жүлгесі  арасынан  шығатын  жұлындық  түбіршектері,  radices  spinales,  бар.  Жұлындық 
түбіршіктер    бір  будаға  жиналады  да  жоғары  көтеріліп    шүйделік  үлкен  тесік  арқылы 
бассүйек ішіне енеді. Бассүйек ішінде жұлындық және бассүйектік түбіршіктер қосылып 
қосымша  нерв сабауын қалыптастырады. Ол (сабау) бассүйек  ішінен мойындырық тесігі 
арқылы  шығады.  Тесікте  ішкі  және  сыртқы  тармақтарға    бөлінеді.  Ішкі  тармақ,  ramus 
internus, жіңішкелеу, көп кешікпей кезбе нервке қосылып оның қозғалтқыш талшықтарын 
толықтырады.  Бұл  тармақтың  басым  бөлігі  сопақша  ми  ядросының  жасушаларының 
аксондарынан  құралған.  Сыртқы  тармақ,  ramus  externus,  меншікті  қосымша  нерв  болып 
мойын  аймағына  түседі  де  төс-бұғана-емізік  және  трапеция  тәрізді  бұлшықеттерді 
нервтендіреді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет