Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет254/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Тіласты нерві (ХІІ) 
       Тіласты нерві,  n.hypoglossus  –  бассүйек нервтерінің ХІІ  –  жұп нерві, қозғалтқыш. Ол 
ромбтәрізді  шұңқырдың  тіласты  нерві  шұңқырында  орналасқан  қозғалтқыш  ядроның 
нейрондарының    аксондарынан  түзілген.  Сопақша  миден  сансыз  көп  түбіршіктермен 
алдыңғы  бүйір  жүлге  арқылы шығады.  Бассүйек  ішінен  тіласты  өзегі  арқылы  өтіп  кезбе 
нервті  артқы  бүйірінен  орап  ішкі  ұйқы  артериясымен    ішкі  мойындырық  венаның 
арасымен  төмен  түседі.  Сонан  соң  ол  біз-тіласты  бұлшықетімен  қос  қарыншалы 
бұлшықеттің артқы қарыншасын төменінен орайды да төменгі жақасты үшбұрышына бет 
алады.  Осы  тұста  тіл  асты  нерві  1-2  –  жұлын  нервтері    түбіршіктерінің  алдыңғы 
тармақтарын  қабылдап  мойынның  терең  ілмегін  түзеді.  1,5  –  2  см  бойы  бұл  түбіршік  
тіласты  нервімен  ере  жүріп,  оның  қабықтарын  жамылғы  ретінде  қолданады.  Ілмектің 
жоғарғы  түбіршігі  (мойын  өрімі)  тіласты,  үсті  бұлшықеттерінің  біреуіне  тармақ  береді. 
Мойынның терең ілмегінің жоғарғы түбіршігі бөлінгеннен кейін тіласты нерві томпақ беті 
төменге  қараған  доға  түзіп  тілдің  ішіне  кіреді  де  сансыз  көп,  тілдік  тармақтарға,  rami 
liguales, бөлінеді. 
  Сонымен  тіласты  нерві,  тілдің  барлық  қаңқалық  және  меншікті  бұлшықеттерін 
нервтендіреді. 
 


305 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет