Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Иық пен білектің медиалды



Pdf көрінісі
бет262/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Иық пен білектің медиалды 
терілік  нервтері
  (nn.cutanei  brachii  et  antebrachii  mediales)  (C
8
-Th
1
)  иық  өрімінің  медиалды 
будасынан  бірнеше  ұсақ  сабау  түрінде  төмен  бағытталады.  Сабаудың  бір  бөлігі  көптеген 
тармақтарға  бөлініп,  иық  пен  білектің  алдыңғы  және  медиалды  беттерінің  терісін 
нервтендіреді. 
Орталық  нерв 
(n.medianus)  (C
5
-Th
1
)  иық  өрімінің  медиалды  және  латералды 
будаларының  екі  түбіршігінен  (radix  medialis  et  radix  lateralis)  түзіледі.  Иықтың  тамыр-нерв 
шоғырының құрамында ортаңғы нерв sulcus bicipitalis medialis-те, алдымен иық артериясынан 
сыртқа, кейін оны иықтың орта тұсында алдынан қиып өтіп ішке өтеді. Иықта бүйір тармақтар 
бермейді. Шынтақ буыны деңгейінде білектің алдыңғы бетіне өтіп, саусақтардың беткей және 
терең  бүккіштерінің  арасында  орналасады.  Осы  жерде  білезіктің  шынтақтық  бүккіші  мен 
саусақтардың  терең  бүккішінің  медиалды  бөлігінен  басқа  бұлшықеттерге  көптеген 
бұлшықеттік  тармақтар  мен  m.pronator  quadrates-ке  жеке  тармақ  шығады.  Сіңірлермен  бірге 
retinaculum  flexorum  астынан  қол  басына  өтіп,  ортаңғы  нерв  үш  тармаққа  –  саусақтардың 
алақандық  жалпы  нервтеріне  (nn.digitales  palmares  communes)  бөлінеді.  Бұл  нервтердің 
латералдысы бас бармақ томпағы бұлшықеттерінің көп бөлігін (қысқа әкететін, қарама-қарсы 
қоятын және бас бармақтың қысқа бүккішінің беткей қарыншасын) және І, ІІ mm.lumbricales-ді 
нервтендіреді.  Алақан  сүйектері  басының  деңгейінде  саусақтардың  алақандық  нервтері  екі 
саусақтың алақандық меншікті нервтеріне (nn.digitales palmares proprii) бөлінеді, олар І, ІІ, ІІІ 
саусақтардың алақан бетінің терісін, ІҮ саусақтың сыртқы бетін және алақан терісінің сәйкес 
бөлігін  нервтендіреді.  Бұдан  басқа,  ортаңғы  нерв  шынтақ,  кәрі  жілік-шынтақ  және  қол  басы 
буындарының капсуласына тармақ береді. 


309 
 
Шынтақ  нерві
  (C
7
-Th
1
)  (n.ulnares)  иық  өрімінің  медиалды  будасынан  ірі  сабау  түрінде 
басталып,  бастапқыда  иықтың  тамыр-нерв  шоғыры  құрамында  төмен  бағытталады.  Шынтақ 
нерві  иықтың  төменгі  үштен  бір  бөлігінде  біртіндеп  медиалды  және  дорсалды  бағытталып, 
иықтың  бұлшықетаралық  медиалды  қалқасын  тесіп  өтіп,  шынтақтың  жоғарғы  коллатералды 
артериясымен  бірге  артқы  медиалды  шынтақ  жүлгесінде  орналасады.  Содан  кейін  білезіктің 
шынтақтық  бүккішінің  иықтық  және  шынтақтық  бастарының  арасынан  өтіп,  білекте  шынтақ 
артериясының  ішкі  жағынан  шынтақ  жүлгесіне  өтіп,  көптеген  бұлшықеттік  (m.flexor  carpi 
ulnaris пен m.flexoris digitorum profunda-ның медиалды бөлігіне) тармақтар мен терілік сыртқы 
тармақ береді. Соңғысы білезіктің шынтақтық бүккіші сіңірінің астынан сыртқа шығып,  Ү, ҮІ 
және  ІІІ  саусақтардың  шынтақтық  жартысының  терісін,  және  қол  басы  сыртының  сәйкес 
бөлігін  нервтендіреді.  Шынтақ  нерві  алақандық  бетте  os  pisiforme-нің  сыртқы  жағынан  қол 
басына  ауысып,  беткей  және  терең  тармақтарға  бөлінеді.  Терең  тармағы  бұлшықеттерге 
(әкететін,  қарама-қарсы  қоятын  және  Ү  саусақтың  қысқа  бүккіші,  mm.lumbricales  (ІҮ,  ІІІ), 
interossei  dorsales  et  palmares,  бас  бармақты  әкелетін  бұлшықет,  бас  бармақтың  қысқа 
бүккішінің терең басы)  талшықтар береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет