Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет263/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Кәрі  жілік  нерві 
(C
5
-Th
1
)  (n.radialis)  иық  өрімінің  ірі  нервтерінің  бірі,  оның  артқы 
будасынан төмен қарай шығып, иықтың sulcus radialis-де жатып, иықтың терең артериясымен 
бірге  аттас  өзекке  бағытталады.  M.triceps  brachii  m.anconeus-ты,  иық  буынының  қапшығын 
және  иықтың  артқы  бетінің  терісін  (иықтың  терілік  артқы  нерві)  нервтендіреді.  Кәрі  жілік 
нерві өзектен алдыңғы сыртқы шынтақ жүлгесі арқылы шығады. M.brachioradialis-ке, шынтақ 
буынының  қапшығына,  білектің  артқы  бетінің  терісіне  тармақ  беріп,  терең  және  беткей 
тармақтарға  бөлінеді.  Беткей  тармағы  төменінен  кәрі  жіліктік  өзекке  бағытталып,  иық-кәрі 
жілік  бұлшықетінің  сіңірі  астынан  қол  басының  сыртына  өтіп,  саусақтарды  дисталды 
бунақтарға  дейін,  ІІ  саусақтың  проксималды  бунағын  және  ІІІ  саусақтың  кәрі  жіліктік 
жартысын нервтендіреді. Терең тармағы  m.supinator-ды тесіп өтіп, оған тармақ беріп, білектің 
артқы  бетіне  өтіп,  барлық  бұлшықеттерді  (жазғыштарды  –  кәрі  жілік  нерві  зақымданғанда 
саусақтар мен қол басы жазғыштары салданады) нервтендіріп, кәрі жілік-білезік, білезікаралық 
және білезік-алақан буындарына талшықтар береді. 
Қолтық нерві 
(n.axillaris) (C
5-
C
6
) иық өрімінің артқы будасынан кәрі жілік нервімен бірге 
шығып,  төртқабырғалы  тесік  арқылы  иықтың  артқы  бетіне  бағытталады.  Тоқпан  жіліктің 
хирургиялық мойынын орап өтіп, m.deltoideus et  m.teres minor-ға, иық буынының қапшығына 
және иықтың латералды бетінің терісіне тармақ береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет