ИЫҚ ӨРІМІ Иық өрімі (plexus brachialis) төрт төменгі мойын нервінің алдыңғы тармақтары мен
бірінші кеуде нервінің алдыңғы тармағынан түзіледі. Нерв талшықтары бір-бірімен қиылысып
сатыаралық кеңістікте орналасатын үш сабау (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) түзеді. Бұл сабаулар
қайтадан нерв тармақтарымен алмасып, үш үлкен буда түзеді: латералды, медиалды және
артқы (fascicule lateralis, medialis et posterior). Олар бұғанаасты артериясымен және венасымен
бірге қолтық шұңқырына ауысады.
Иық өрімінің негізгі екі түрі болады: магистралды – негізгі нерв сабауларының арасында
нервтік байланыстар аз болады (жиі гиперстениктерде кездеседі), шашыраңқы – негізгі нерв
сабаулары көптеген ыдыраулармен сипатталады (астениктерде жиі кездеседі). Балаларда иық
өрімі салыстырмалы үлкен алаңды алып жатады, ал оның негізгі сабаулары иіліп орналасады.
Тамыр-нерв шоғырының қолтық шұңқырындағы проекциясын анықтауда бұғананың
ортасын sulcus bicipitalis medialis-тің басталатын жерімен қосатын сызықты қолданады. Мұнда
беткейірек - қолтық венасы, одан терең - қолтық артериясы, оданда терең - кәрі жілік нерві
орналасады. Артериядан ішке қарай шынтақ нерві, ал сыртқа – ортаңғы нерв орналасады.
Иық өрімінен шығатын нервтерді бұғанаүсті және бұғанаасты нервтері деп бөледі.