313
балтырдың бұлшықетаралық алдыңғы қалқасын тесіп өтіп, асықты жіліктің алдыңғы
тамырларымен бірге жүре отырып, membrane interossei cruris-дің алдыңғы бетіне жатады.
Балтырдың алдыңғы бөлігінің барлық бұлшықеттерін нервтендіреді. Содан кейін нерв аяқ
басының сыртына шығып, бақайлардың қысқа бүккіші мен бірінші бақайаралық кеңістіктің
терісіне тармақ береді.
Бұдан басқа, жалпы кіші жіліншік нерві жоғарғы бұлшықет-кіші жіліншік өзегіне
кіргенге дейін құрамында балтырдың сыртқы бетінің терісінен келетін талшық болатын
икраның латералды терілік нервін (n.cutaneus surae lateralis) береді. Бұл нерв балтырдың
төменгі үштен бір бөлігінде аттас медиалды нервпен қосылып, (n.cutaneus surae medialis)
(асықты жілік нервінің тармағы) балтыр нервін (n.suralis) түзеді. Соңғысы төмен бағытталып,
malleolus lateralis-ті артынан айналып өтіп, аяқ басының латералды жиегін бойлай жүре
отырып, латералды толарсақ аймағының, аяқ басы сыртының латералды бетінің және ІҮ
бақайдың жартысы мен Ү бақайдың терісінен тармақтар алады.
Достарыңызбен бөлісу: