Табанның латералды нерві
(n.plantaris lateralis) аттас артерия және венамен бірге
табанның латералды жүлгесімен жүре отырып, беткей және терең тармақтарға бөлінеді. Беткей
тармағы Ү бақайдың сыртқы, латералды және медиалды беттерінің, ІҮ бақайдың сыртқы және
латералды беттерінің терісін және табанның осы бақайларға сәйкес келетін бөлігінің терісін
нервтендіреді; бұдан басқа, осы тармақ ІҮ, Ү бақайлардың дисталды бунақтарының сыртқы
бетінің терісін нервтендіреді. Терең тармақ mm.interossei dorsales et plantares, lumbricales
III, IY,
adductor hallucis, flexor hallucis brevis пен кіші бақай томпағының бұлшықеттерін
нервтендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |