Ұзын тармақтары.
Санның артқы терілік нерві
(n.cutaneus femoris posterior)
жамбастан алмұртастылық кеңістік арқылы шығып, төмен бағытталады да, санның артқы
бетінің терісін нервтендіреді. Оның медиалды жағынан бөксе терісіне бөксенің төменгі
нервтері (nn.gluteus inferiores), шат терісіне шат тармақтары (rami perineales) шығады.
Шонданай нерві
(n.ischiadicus) (L
4
-S
3
) адам денесіндегі ең ірі нерв. Кіші жамбас
қуысынан алдыңғы нервпен бірге алмұртастылық кеңістік арқылы шығып, санның артқы топ
бұлшықеттерінің арасымен a.comitans-пен бірге төмен бағытталып, аталған топ бұлшықеттерін
нервтендіреді. Жоғарынан шонданай төмпесінің ортасы мен үлкен ұршық ұшын қосатын,
төменінен ортан жілік айдаршықтарының арасындағы нүктеде жүргізілетін сызықтарда
проекцияланады. Бөксе қатпарынан төмен 2-3 см аралығында шонданай нерві беткей
орналасады, бұл нервтің пальпациясы үшін қолданылады. Санның жоғарғы және ортаңғы
үштен бір бөлігінің шекарасында (жиі одан жоғары) шонданай нерві жалпы кіші жіліншік және
асықты жілік нервтеріне бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |