Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет264/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

ҚАБЫРҒААРАЛЫҚ НЕРВТЕР 


310 
 
Қабырғааралық  нервтер 
(nn.intercostales)  кеуде  нервтерінің  алдыңғы  тармақтары  (ХІІ 
кеуде  нервінің  алдыңғы  тармағы  қабырғаасты  нерві  деп  аталады)  болып  табылады.  Әр 
қабырғааралық  нерв  қабырға  жүлгесіне  жақын  сәйкес  қабырғааралықта,    mm.intercostales 
externus et internus арасындағы бойлық саңылауда жүреді. Омыртқа бағанасында ішкі жағынан 
membrane  intercostalis  interna-мен  және  оған  тығыз  жанасатын  fascia  endothoracica-мен 
жабылған. Қабырғааралық нервтердің жоғарғы жеті жұбы төспен семсертәрізді өсіндіге дейін 
жетеді, ал қалғандары қабырғааралық кеңістіктен шығып, сегменттеліп,  іштің  алдыңғы бүйір 
қабырғасының  жұмсақ  тіндеріне  бағытталады.  Қабырғааралық  нервтерден  бұлшықеттік  және 
терілік  тармақтар  шығады.  Бұлшықеттік  тармақтар  сыртқы,  ішкі  қабырғааралық 
бұлшықеттерге,  іштің  тік,  ішкі  қиғаш,  сыртқы  қиғаш  және  көлденең  бұлшықеттеріне  (соңғы 
үш  бұлшықеттің  дорсалды  бөліктерінен  басқа),  пирамидатәрізді  бұлшықетке,  көкет 
бұлшықетінің  шеткі  бөлігіне,  арқаның  шығу  тегі  іштік  терең  бұлшықеттеріне  (жоғарғы және 
төменгі артқы тісті бұлшықеттер, қабырғаны көтеретін бұлшықеттер) тармақтар береді. Терілік 
тармақтары  кеуде  мен  іштің  алдыңғы  бүйір  беттерін  нервтендіреді.  Бұдан  басқа, 
қабырғааралық  нервтер  қабырғалық  өкпеқап  пен  париеталды  ішастарға,  іштің  алдыңғы  және 
бүйір қабырғаларына тармақтар береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет