311
Сан-жыныс нерві (n.genitofemoralis) (L
2
) үлкен бел бұлшықеті тереңінен оның беткейіне
шығып, төмен бағытталып, екі тармаққа бөлінеді: сан нерві (r.femoralis) - lig.inguinale-нің
артынан өтіп, сан терісінде шап байламының астынан өтіп санның терісінде тармақталады,
жыныс нерві - (r.genitalis) шап өзегіне кіріп, funiculum spermaticus-ке (lig.teres uteri) барады,
атабезді көтеретін бұлшықетке, ұма (жыныс ернеулерінің) терісіне және санның медиалды
бетінің жоғарғы бөлігіне тармақтар береді.
Санның латералды терілік нерві (n.cutaneus femoris lateralis) (L
2
-L
3
) үлкен бел
бұлшықетінің сыртқы жиегінің астынан шыққаннан кейін мықын бұлшықетінің бетімен
сыртқа және сәл төмен бағытталып, шап өзегінің бекіген жерімен жүреді. Санға шығып,
латералды терісін невтендіреді.
Сан нерві (L
2
-L
4
) (n.femoralis) бел өрімі сабауларының ең ірісі. Үлкен бел бұлшықетінің
сыртқы жиегінің астынан шыққаннан кейін lacuna musculorum арқылы санға кіріп, сан
артериясынан сыртқа жатады. Сан терісіне, алдыңғы топ бұлшықеттеріне, m.pectineus-ке, тізе
бұлшықетіне, сирақ пен аяқ басының медиалды бетінің терісіне (І башайға дейін) (n.saphenus)
тармақтар береді.
Жапқыш нерв L
2
-L
5
(n.obturatorius) үлкен бел бұлшықетінің медиалды жиегінің астынан
шығып, canalis obturatopius арқылы кіреді, сыртқы жапқыш бұлшықетті, санның медиалды топ
бұлшықеттерін нервтендіріп, ұршық буынына, санның төменгі жартысының медиалды бетінің
терісіне тармақ береді.
Сегізкөз өрімі
(plexus sacralis) ІҮ-Ү бел нервтерінің алдыңғы тармақтарының бөлігінен
және жоғарғы төрт сегізкөз нервтерінің тармақтарынан түзіледі. Сегізкөз өрімі түзілердің
алдында ІҮ және Ү бел нервтерінің алдыңғы тармақтары бірігіп, бел-сегізкөз сабауын (truncus
lumbosacralis) түзеді. Сегізкөз өрімі алмұрттәрізді бұлшықетте орналасқан, ұзын және қысқа
тармақтар шығатын үшбұрышты табақша.
Достарыңызбен бөлісу: