Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Иық  өрімінің  бұғанаүсті  бөлігінің  нервтері



Pdf көрінісі
бет261/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Иық  өрімінің  бұғанаүсті  бөлігінің  нервтері. 
Жауырынның  дорсалды  нерві  (n.dorsalis 
scapulae)  (C
5
)  жауырынның  медиалды  жиегін  бойлап,  төмен  артқа  бағытталады;  жауырынды 
көтеретін  және  ромбтәрізді  бұлшықеттерді  нервтендіреді.  Ұзын  кеуде  нерві  (n.thoracicus 


308 
 
longus) (C-
5
C
7
) алдыңғы тісті бұлшықеттің сыртқы бетімен жүре отырып, аталған бұлшықетті 
нервтендіреді.  Жауырынасты  нерві  (n.suprascapularis)  (C
5
-C
7
)  аттас  артериямен  және  венамен 
бірге  дорсалды  бағытталып,  incisura  scapulae  арқылы  өтіп,  қылқанүсті  және  қылқанасты 
бұлшықеттерін  нервтендіреді.  Бұғанаасты  нерві  (n.subclavius)  (C
5
)  аттас  бұлшықетке  барады. 
Жауырынасты  нерві  (n.subscapularis)  (C
5
-C
7
)  бірнеше  тармақ  түрінде  дорсалды  бағытталып, 
аттас және үлкен дөңгелек бұлшықетті нервтендіреді. 
Иық  өрімінің  бұғанаасты  бөлігінің  нервтері.  Медиалды  және  латералды  кеуде 
нервтері
  (nn.pectorales  medialis  et  lateralis)  үлкен  және  кіші  кеуде  бұлшықеттерін 
нервтендіреді.  Бұлшықет-терілік  нерв  (n.musculocutaneus)  (C
5
-C
7
)  латералды  будадан  төмен 
бағытталып,  m.coracobrachialis-ті  тесіп  өтіп,  иықтың  алдыңғы  топ  бұлшықеттерін 
нервтендіреді және білектің сыртқы бетіне терілік тармақ береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет