Асықты жілік нерві
(n.tibialis) (L
4
-S
3
) тақым шұңқырының тамыр-нерв шоғырының
қзұрамында (бұл жерде тамырлардың артында орналасады) беткей жүре отырып, балтыр-
тақым өзегіне кіріп, malleolus medialis-ты айналып өтіп, аяқ басының табандық бетіне барып,
медиалды және латералды табан нервтеріне бөлінеді. Асықты жілік нервінен тақым шұңқыры
аймағында балтырдың медиалды терілік нерві (n.cutaneus surae medialis) шығып, балтыр
бұлшықеті бастарының арасынан (аяқтың кіші теріасты нервінен сыртқа қарай) төмен
бағытталып, дәнекер тармақтар арқылы n.cutaneus surae lateralis-пен бірігеді. Балтырдың артқы
топ бұлшықеттеріне, тізе буынының капсуласына, сирақ-асық буынының медиалды бөлігіне
және тілерсек буындарына көптеген тармақтар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |