Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет255/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

 
 
 
 
ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ 
Перифериялық  нерв  жүйесі 
(systema  nervosum  periphericum)  жұлын,  бассүйек 
нервтерінен және вегетативті нерв жүйесінің  перифериялық бөлігінен тұрады. Негізінен нерв 
жасушаларының өсінділері мен жекелеген нерв түйіндерінен тұрады.  
ЖҰЛЫН НЕРВТЕРІ 
Жұлын нервтері
 (nervi spinales) жұлынның сұр затының афферентті алдыңғы және бүйір 
бағаналарының  нейриттері  болып  табылатын  алдыңғы  (қозғалтқыш)  түбіршіктері  (radices 
ventrales) мен жұлын нервтерінің афферентті жасушаларының орталық өсінділерінен түзілетін 
артқы (сезімтал) түбіршіктердің (radices dorsales) сегментті қосылысынан түзіледі. Адамда 31 
жұп  жұлын  нервін  ажыратады  –  8  мойын  (nn.cervicales),  12  кеуде  (nn.thoracales),  5  бел 
(nn.lumbales), 5 сегізкөз (nn.sacrales), 1 құйымшақ (n.coccygeus). 
Әр жұлын нерві аралас, құрамында симпатикалық талшықтармен қатар афферентті және 
эфферентті  талшықтар  болады,  омыртқа  бағанасынан  foramen  intervertebrale  арқылы 
шыққаннан кейін менингиалды, дәнекер, артқы және алдыңғы тармақтарға бөлінеді. 
Жұлын  нервінің  менингиалды  тармағы  (ramus  meningeus)  (сезімтал)  жұлын  нервінің  әр 
бағанасынан  шығып,  қайтадан  омыртқааралық  тесік  арқылы  омыртқа  бағанасының  қуысына 
кіріп, жұлынның қатты қабығын, тамырларын, омыртқа өзегінің шелмайын нервтендіреді. 
Дәнекер  тармақтар  (rr.communicantes)  ҮІІІ  мойын  ІІІ  бел  сегменттерінің  аралығында  әр 
жұлын  нервінен  сегментті  түрде  шығады.  Құрамындағы  түйінге  дейінгі  жұмсақ  талшықтар 
жұлынның  сұр  затының  латералды  аралық  ядросының  алдыңғы  түбіршігі  құрамында  жұлын 
нервіне барады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет