Іштің ішкі қиғаш бұлшықеті
,
m. obliquus internus abdominis
:
- басталатын жері: f. thoracolumbalis (беткей жапырақшасы); linea intermedia
cristae iliacae; lig. іnguinale (латералді бөлімі);
- бекитін жері: артқы будалары – costae
10-12
; қалған будалары апоневрозға
ауысады да, қарама-қарсы жақтағы жалпақ бұлшықеттердің апоневроздарымен
қиылыса бітісіп, іштің тік бұлшықетінің қынабын және іштің ақ сызығын түзуге
қатысады;
- қызметі: тұлғаны жиырылған жағына қарай бұрады (бір жақты жиырылғанда);
омыртқа бағанасын бүгеді (екі жақты жиырылғанда); қабырғаларды түсіреді, іш
тығыршығын түзуге қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |