130
Ол кіндіктен жоғары жалпақтау және жұқалау; кіндіктен төмен – жіңішке және
қалыңдау.
Шап өзегі,
canalis inguinalis - бұл шап байламының медиалді және ортаңғы
бөліктерінің үстінде орналасқан саңылаутәрізді кеңістік. Ер адамдарда шап өзегінде
шәует шылбыры, funiculus spermaticus, әйелдерде –жатырдың жұмыр байламы, lig.teres
uteri орналасады. Өзектің төрт қабырғасы және екі тесігі бар.
1.
Қабырғасын түзетін құрылымдар:
- алдыңғы - m.obliquus abdominis апоневрозы;
- артқы - f.transversalis және ішастар;
- жоғарғы - m.obliquus internus abdominis et m. transversus abdominis-тің төменгі
будалары;
- төменгі - lig.inguinale.
2. Сыртқы тесігі (беткей шап сақинасы), annulus inguinalis superficіalis - бұл іштің
сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозындағы саңылау. Оны шектеп тұратындар:
- төменнен – латералді аяқша, crus laterale;
- жоғарыдан – медиалді аяқша, crus mediale;
- латералді – аяқшааралық талшықтар, fibrae intercrurales;
- медиалді – қайырылған байлам, lig.reflexum.
3. Терең шап сақинасы, annulus inguinalis profundus шап байламының латералді және
ортаңғы бөлімдерінің арасындағы шекара деңгейінде орналасқан, латералді шап
шұңқырына сәйкес келеді, fossa inguinalis lateralis - іштің ішкі қабырғасындағы шап
өзегінен шәует шылбырының шығатын жеріне сәйкес келетін ұңғыл.
Достарыңызбен бөлісу: