Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет248/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   250
Қызылорда қаласының «Халық» газеті өзінің оқырмандарының арасында сауалнама 
жүргізген болатын. Сіздерге сауалнамаға қатысқан респонденттердің ойымен 
танысу үшін келесі мәтін ұсынылады. 
Раушан, архитектор: Қобыз кейпіндегі көпір 
Бізге қобыз бейнесіндегі көпір жасауға болады. Ол қаланың қос бөлігін 
байланыстырып, шаһарға ерекше көрік беріп тұрар еді. Мұнда келетін демалушылар 
саны да үзілмейтін болады. Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы нысан, яғни, ерекше 
назар аудартатын көпір болмақ. Енді бұл ұсынысты облыс әкімінің назарына ұсынсам 
ба деп отырмын. Бұқаралық ақпарат құралдарында қолдау тапса, тіпті жақсы. 
Сәкен, журналист:Қымызханалар 
Бізге ұрпақ саулығы керек. Қалада ашылатын әр қоғамдық орынның барынша 
пайдалы болуын ойластыру керек деп ойлаймын. Айталық, қымыз қырық аурудың 
алдын алады екен. Салауатты өмір салтын қалыптастыру іс- шараларының бірі 
ретінде қымызханалар ашуды ұсынып отырмын. Әрине, қымызхана қандай болу 
керек деген сауал туады. Ол заман талабына сай кафе типтес болу керек. Мұны аз 
десеңіз, ішіне жалт-жұлт еткен шамдар жақсын, әйтеуір елді өзіне тартсын. Сол 
арқылы ауылшаруашылығы өнімін өткізсін. Ондай жерлерде терме, түрлі аңыз-
әңгімелер айтылып тұрса, нұр үстіне нұр. Қазір коғам соған сусап отыр. Ең бастысы, 
денсаулық пен ауылшаруашылығының дамуына үлес қосатын, рухани күшейтегін 
дүние - осы демалыс орындары. 
Динара, қала тұрғыны:Кемпинг 
Ашық аспан астындағы спорттық ойын алаңдары салынса жақсы болар еді. Халық 
сондай орындарға зәру. Бұл бір жағынан бұқаралық спортты дамытуға сеп болса, 
екіншіден, бос уақытты өткізетін керемет орын болар еді. Содан соң кала сыртында 
демалыс орындарын көбейткен дұрыс. Мәселен, кемпинг (автотуристерге ариалған 
демалыс орны) түріндегі орындар бой көтергенін қолдаймын. 
7. Салауатты өмір салтына қатысты пікір иесі(иелері) 
А)Сәкен мен Раушан  
В)Барлық респонденттер  
С)Сәкен мен Динара 
Д)Динара мен Раушан 
Е)Раушан 
8. Мәтіндегі ойға сәйкес келмейтін тұжырым(-дар) 
1. Ауылшаруашылық өнімдерін өткізу мәселесі шешімін тапты. 
2. Қобыз кейпіндегі көпір қаланың негізгі көркіне айналды. 
3. Демалушылар автокөліктеріне орын бөлу мәселесі өзекті емес. 
A)Тек екіншісі 
B)Тек біріншісі 
C)Тек үшіншісі 
Д)Бірінші мен екіншісі 
Е)Үшеуі де 
9.Халық өнері туралы ой қозғаған респондент 
A)Динара мен Сәкен 
B)Раушан 
C)Раушан мен Динара 
Д)Сәкен 
Е)Динара 
10. Берілген мәтін стилі 
А)Көркем әдебиет  
В) Іс қағаздар  
С)Публицистикалық 
Д)Ғылыми  
Е)Ауызекі сөйлеу 
11. Сауалнамада сөз болмаған мәселе 
A)Бұқаралық спортты дамыту. 
B)Қызылорда қаласында демалыс орындарын ашу. 


C)Ауылшаруашылық өнімін өткізу. 
Д)Қала тұрғындарының денсаулығын нығайту. 
Е)Ұлттық нақыштағы концерт залын салу. 
12. Архитектордың пікірінше, кандай жағдайда оның ұсынысы іске асуы мүмкін? 
А)Егер облыс әкімшілігі қабылдап, каражат бөлінсе 
B)Егер Қызылорда тұрғындарының жиналысында қаралса 
C)Егер сотта қаралып, оң шешім қабылданса 
Д)Егер қала тұрғындары қолдап дауыс жинаса 
Е)Егер демалушылардан қажетті қаражат жиналса 
4-мәтін 
 
1. Ұрыс сәрсенбі күні таң ата басталды. Абылай да, Цеван-Доржи да елшілер 
арқылы уәделескен мезгілдерінде өз әскерлеріне «Аттан!» деп бұйрық берді. 
Көлденеңі он шақырымдай жазық далада қан төгіс қырғын тез-ақ кызып кетті. Алып 
майданның екі жақ шетіндегі Сырымбет пен Батыр Баян бастаған қазақ әскері қиын 
да болса алға қарай жылжып бара жатқаны сезіледі. Тек екі жақтың екі бас 
қолбасшысы тұрған майданның орта шебі мызғыған жоқ. 
 
2. - Аттан! Аттан! - деген ұран шықты. Сол сағатта-ақ Сеңгірбай, Сағымбай, 
Қанай бастаған сұлтанның мың жігіті зеңбірек оғы жетпейтін қалың жыңғылды 
сайдан шыға сала Цеван-Доржидың тұрған төбесіне қарай лап қойған. Бірақ бір 
шақырымдай шапқан кезде кенет гүрсілдей жөнелген зеңбіректерден жауған жойқын 
оқтар дәл аттарының маңдай алдынан кеп гүрс- гүрс жарылған. Алдыңғы шептегі жүз 
қаралы ер жүрек жігіттер ат-матымен омақаса жер қауып, заматта арттарында келе 
жатқан жауынгерлерге бөгет болды. Амал жоқ, лапылдап келе жатқан калың қол 
еріксіз кейін шегінді. Абылай бұйрығымен жігіттер тағы шапқан. Бұл жолы да жүзге 
таяуы қаза тауып, қалғаны кейін серпілді. Зеңбіректі Цеван-Доржиды бұлай ала 
алмайтынын білген Абылай, енді шабуыл шебін басқаша кұрды. Зеңбіректерте 
тікелей шаппай, оны ат тағасындай қоршап, жан-жағынан анталауды бұйырды. Бірақ 
үш рет шабуылға шығып, ең батыр деген үш жүзге тарта ер жігіттерінен айрылған 
әскер не істерін білмей, тағы дағдарып қалды. Бұған Абылай: 
 
3. -Япырмай, осыншама, қазақтан жауға шабар бір еркек кіндікті тумаған ба? - 
деді қатты дауыстап. -Қайсың барсың? Осы кезде топ ішінен «Абылай!» деген дауыс 
шықты. Бұл ұран салған Абылайдың он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап, 
зеңбіректерге қарай атой салды. Бірақ бұдан бұрын гүрсілдеген тажалдардан әбден 
үркіп қалған астындағы басы қатты кертөбел бала жігітті жау шебіне емес, бір 
бүйірдегі жиде тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт тағы тына қалды. Дәл осы кезде, 
Абылайдың зеңбіректерді қоршаған жігіттерінің оң жақ тұсынан Цеван-Доржи тұрған 
төбеге қарай, басында үкілі камшат бөркі бар, ақбоз атты бір қыз бала «Қабанбай! 
Қабанбай!» деп ұран тастап, суырылып шыға берді. Акбоз ат көсіле сермеп келеді. 
Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны тобылғы сапты қамшы. Осынау 
қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба калың топ, енді шыдай алмады, лап қойды. 
 
4. - Абылай! - Атығай! - Акжол! - Қарақожа! - Қабанбай! - Абылай! Абылай! 
«Қабанбай» аты аталған тұстағы Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың алдарында 
келеді. Зеңбіректер ортадағы топтың алдыңғы қатарынағаиа оқтарьтн жіберіп үлгерді. 
Бірақ екі бүйірдегі сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды. Ар жағындағы жоңғар атты 
әскері келіп үлгергенше, түйелі зеңбіректерді түйе-мүйесімен таптап кетті. Ақ болат 
сауыты жарқылдап, Жалынкұйрығын көсілте Абылайдың өзі де шапты. Төбе 
басындағы қонтайшы көк шатырын жинай бастады. Сөйткенше болған жоқ, 
Жоңғардың шаян кұйрықты сары жібек жалауы шығысқа қарай шегіне берді... 
 
5. Осылай жоңғар мен қазақ арасындағы қанды айқастардың жаңа белесі 
ашылды. Бұл казақ елінің жоңғар қонтайшыларын мүлдем жеңіл, атамекен жерінен 
қуудың ең алғашқы айқасы еді. Абылай өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы 
қалмақ зеңбіректеріне жападан-жалғыз карсы шауып, бүгінгі жеңіске жол салған 
қызды іздетті. Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың батыр қызы Гауһардан туған жас 
Назым екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік көрсеткеніне риза болған 


Абылай, беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп берді. Абылай 
басқарған осы соғыс екі айға созылды. 
13. Автор қазак халқының ержүректілігін қалай жеткізгісі келді? 
A)Батыр Баян әрекеті арқылы 
B)Қабанбай әрекеті арқылы 
С)Қолбасылар әрекеті арқылы 
Д)Қыз әрекеті арқылы 
Е)Қанай әрекеті арқылы 
14. Жанайдың жауға қарсы шыға алмау себебі  
А)Астындағы аты үрікті 
B)Қолында қаруы болмады 
C)Аты үйретілмеген болды 
Д)Соғыс әдіс-тәсілін білмеді 
Е)Жауға жалғыз беттей алмады 
15.Абылайдың жауынгерлеріне ренжу себебі 
А)Жауынгерлері алға жылжи алмады 
B)Әскерлер бас амандығын ойлады 
C)Шабуылды жаңаша жоспарламады  
Д)Қан төгіс қырғын қыза түсті 
Е)Әскерлері соғыс алаңынан қорықты 
16.Абылайдың қызға белбеуін сыйға тарту себебі  
А)Шабандоздығына риза болғандықтан 
В)Ерлігіне риза болғандықтан 
С)Қабанбайдың қызы болғандықтан 
Д)Шыққан тегіне риза болғандықтан 
Е)Қыздың жастығына сүйсінгендіктен 
17. Мәтіндегі негізгі ой 
A)Жоңғардың соғыс күшін суреттеу 
В)Қазақ пен жоңғар арасындағы соғысты дәріптеу 
С)Соғыс әдістерін үйрету 
Д)Қазақ батырларын таныстыру 
Е)Қазақ батырларының ерлігін дәріптеу 
18. Ақбоз атты кыздың ұраны 
A)«Атығай!» 
B)«Абылай!» 
С)«Қарақожа!» 
Д)«Акжол!» 
Е)Қабанбай!» 
19.Мәтіннің төртінші азатжолының түйіні  
А)Жау зеңбірегінің жеңісі 
В)Жаудың жеңілісі 
С)Жаудың шабуылға шығуы  
Д)Хан сыйлығы 
Е)Жау шебінің мықтылығы 
20.Неліктен қазақ жауынгерлері тығырыққа тірелді? 
A)Қолбасшылары болмады 
B)Аттары шабан болды 
C)Дұрыс ұйымдаса алмады  
Д)Қалмақтың каруы басым болды 
Е)Қорғандары болмады 
 
5006 нұсқа 
1-мәтін 
Бір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең ерте ұйқысынан 
оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным таппайды. Таңнан қара кешке 
дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты да ұмытып 
кететін болыпты. Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне кайтады екен. 
Екінші адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая 
бастағанда үйіне қайтып кететін болыпты. 
Апта бойы осылай енбектенгеннен кейін, бір апталық ағаштарын санайық депті. 
Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек екендігі мәлім болыпты. 
Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұның сырын сұрайды. Екінші адам 
азғана езу тартып былай деп жауап қатады: 
- Мұның айтарлықтай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал мен кей-кейде 
тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты 


жеңілдетеді әрі шарашамайсың. 
1. Әңгіменің түйініне сәйкес келетін мақал 
A)Еңбек түбі - береке, 
Көптің түбі - мереке. 
B)Келген - дәулет, 
Кеткен - бейнет. 
C)Еңбек етсең - емерсің. 
Д)Ер дәулсті - еңбек. 
Е) Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,  
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар. 
2. Бірінші адамды ренжіткен жағдай 
A)Уақыттың тығыздығы 
B)Қасындағы адамның еріншектігі 
C)Екінші адамның жауабы 
Д)Жұмыстың көптігі 
Е)Көп күш жұмсап, төмен нәтижеге жетуі 
2-мәтін 
АСТАНАДАҒЫ ЕҚЫҰ САММИТІ –I 
 
1. Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 
жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) - Еуропада, 
Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналаскан 56 елдің басын біріктіретін 
ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды. 
 
2. Қазақстан - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең 
алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын 
және «Ванкуверден Владивостокқа дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының 
пәрменділігін ЕҚЬІҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім 
республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің 
мойындалуының айғағына айналды. 
 
3. Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «Т» әрпі 
болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік 
(tolerance). Сенім - халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Елдер арасындағы 
өзара сенімге құрылған карым-катынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық 
қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның 
іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік 
мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» 
жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы 
ынтымақтастықка бағыттауды аңдатады. Төзімділік - бұл мәдениеттер және 
өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну. 
 
4. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні -- ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен 
кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана саммиті. Оған дейінгі жоғары 
денгейдегі бас қосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын. 
 
5. Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары 
лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік 
ұйымдардың өкілдері катысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы, БҰҰ Бас 
Хатшысы, Ресей Федерациясының Президенті, АҚШ мемлекеттік хатшысы, 
Германия Федеральдық Канцлері, Италия Премъер-министрі, т.б бар. 
3. Астана саммитіне катысқан елдер туралы нақты ақпарат берілген бөлім 
A)III бөлім 
B)II болім 
C)V бөлім 
Д)I бөлім 
Е)IV бөлім 
4. I бөліктің мазмұнымен сәйкес келетін нұсқа 
А)Қазақстанның ЕҚЫҰ ұйымына төрағалық етуі - ел тарихыидағы маңызды белестің 
бірі. 
B)Бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы рөлінің 
мойындалуының айғағы. 
C)Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидаты. 
B)Доктрина пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен. 
Е)Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет екендігі. 
5.ЕҚЫҰ саммиті Астанадан басқа қай жерде өтті? 
А)Орталық Азияда 
В)Түркияда 
C)Солтүстік Америкада 
Д)Еуропада 
Е)Италияда 


6. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын 
айшықтайтын белгілердің бірі 
A)Транспаренттілік 
B)Сенім 
C)Ынтымақтастық 
Д)Дәстүр 
Е)Төзімділік 
3-мәтін 
 
1.Жаршының даусын күтіп тұрған, бастарына өңкей қызыл, көк, ақ шыт 
үшкілдеп байлаған балалар кекілдерін бунап, үкі таққан аттарын ойнақтатып шыға 
берді. Жеңіл ер-тоқымды жарау аттар әсем билеп: бір қырындап, ойқастап, 
ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, енді бірі ортекеше орғып, кейбірі қайраңға 
шыққан балықша жондары жалт-жұлт етіп аласұрып, шыр көбелек айналып тулап, 
көкке шаншыла карғып, ұзақ жарысты сезіп, қатты-қатты пысқырып, түра қалып 
шегіншектеп, жер тарпып, өздеріне қадалған мың-мың көздің алдынан лек-легімен 
өте берді. 
 
2. Мойнын соза қараған, аттарға ұмтыла түсіп, кейін ығысып тәртіпке 
келтірген аттылардың қамшысынан жасқанған жұрт шулап тұр. 
-  Әне, Құлайкөк пен Топайкөк! 
-  Әй, ана бір сүліктей кара кімдікі? 
-  Ана қазмойын - біздің Көкдауыл!.. - дескен жұрт, астыңғы ерні салпиып, жай 
басып, марғау аяңдап, кекіліндегі тұмарға таққан медалі жарқырап топ арасында 
Құлагер өте бергенде гу етіп, орындарынан тұрып кетті. 
 
3. Жаршының жағында тыным жоқ: «Бас бәйге - бір тайтұяқ алтын, боталы 
інген, тай, құлынымен бір үйір жылқы; екінші - бір атан түйе, он құлынды бие; 
үшінші - бір қоспақ, бес құлынды бие, он қой; төртінші - үш құлынды бие, бес қой; 
бесінші - бір құлынды бие, күміс кесе... Бас бәйгеге ояздың медалі бар, екіншіге күміс 
сағат, үшіншіге күміс таяқ...» 
 
4. Ақан бәйгеші балаларға біраз еріп, Мөңкені тоқтатып алды да: 
- Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен мына 
бәйгенің сұрқы бөлек. Байқа, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, 
ыққа түсе көрме, жел жағында отырғайсың. Түйетастан аса бере тақымды бір қысып, 
қарқындатып ал да, Көкөзекке бұрын түс. Ойлы-қырлы өзек ішінде атыңды сәл теже. 
Сүріндіріп алма. Одан шыға бере Құлагердің көзін бір сүртіп, қиқуды салып, басын 
еркін қоя берсен, ар жағын қанатымның өзі-ақ көрсетеді, - деп Құлагердің мойнынан 
құшақтады. 
7. Мәтінде не туралы айтылған? 
А)Жаршылар сайысы 
B)Балуан күресі 
C)Ат жарысы 
П)Ат баптаушылары 
Е)Аттарды сынау 
8. Мәтіннің стилі 
A)Публицистикалык стиль 
B)Ауызекі сөйлеу стилі 
C)Ғылыми стиль 
Д)Ресми іс-кағаздар стилі 
Е)Көркем әдебиет стилі 
9. Халықтың Кұлагерге деген ерекше құрметі суреттелетін азатжол  
А) Төртінші 
В)Екінші 
С)Бірінші 
Д)Үшінші 
Е)Барлығында 
10.Барлық жүлдегерлерге ортақ тігілген бағалы сый 
A)Жылқы 
B)Күміс 
C)Алтын 
Д)Қой 
Е)Түйе 
11. Ақанның шабандоз балаға кеңесі берілген азатжол 
А)Бірінші 
В)Төртінші 
С)Екінші 
Д)Үшінші 
Е)Бірінші және екінші 
12. Мәтін мазмұнына сәйкес мақал 
A)Ер қанаты - ат. 
B)Түпкі айылдың батқанын 
Иесі білмес, ат білер. 
C)Ер атағын ел сақтар. 
Д) Ер сасқанда белгілі, 
Ат шапқанда белгілі. 
Е) Ер - намысының құлы. 
 


4-мәтін 
 
1. Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық 
сүйікті деген малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше 
ықыласпен мадақтайды 
 
2. Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. 
Әсіресе Ай сұлуырақ болып мақтанып, Күн оны қызғанып Айдың бетін тырнап, оған 
дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі карауытқан дақ содан 
екен» деседі. Айдың кеш туғанын немесе кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге 
жақындап барғанда Ай «қорғалал» бетін жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, 
Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдсйді. Ай түрінің өзгеру құбылысын 
жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. 
 
3. «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы 
қазақ ортасында елеулі оқиға болып келді. Жаңа туған Айды көргенде, шаруа 
адамның көңіліне әр түрлі ой келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма 
деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ арасында егер Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға 
жайлы, жылы болады. Ал, Ай шалқасынан жатса, ай суық, жайсыз болып етеді. Мұны 
«Айдың өзіне жайлы, халыққа жайсыз болғаны» дейді. 
 
4. Қазак, тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн 
қараңғысын жамылып қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен 
ұзақ түн қату да қиын тиеді. Аталарымыздың ай қараңғыда малы түгіл, басы да зор 
қауіпте болғандығын еске алсақ, неліктен айды қастерлегендігін жақсы түсінеміз. 
«Қараңғыалғыр» деген сөз тегін шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл 
дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата қылмайтын Ай екен, — депті. 
Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми тұрғыдан келгенде мынадай 
қорытынды шығарамыз: жаңа туған Айдың қалпына қарай жұрттың ауа райы өзгереді 
дегені бос сөз емес. 
5 Жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай 
«шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда 
жоғары тұрады, Ай жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы 
төменгі бетін ала жарық береді де, бізге Ай шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, 
жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл қызық 
іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына 
байланысты. 
 
6. Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай 
да сондай. Ай бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. 
 
7. Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы 
Ай болатын-ды. Ес білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, 
керуенші, аңшы, карақшы бәрі де Айды бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде 
Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай 
қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе? Осыдан 350 жылдай бұрын 
Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды көрдім, деп 
жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді. 
 
8. Өмір бақи меңіреу жатқан кен дүниенің түкпірлерін шарлауда адам 
перзенттерінің аяғы түңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос 
жолаушылары үшін бірінші бекет болып табылмақ. 
13. Тұжырымдардың дұрысы 
1. Кеш туған не кеміген айды халық «Ай қорғалады» дейді. 
2. Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді. 
3. Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді. 
А)Екінші мсн үшіншісі 
B)Екіншісі 
C)Үшеуі де 
Д)Бірінші мен үшіншісі 
Е)Үшіншісі 
14. Ай бетіндегі дақтар 
A)Тегістеу жерлері 
B)Қыраттары 
C)Күнгей жерлері 
Д)Төбешіктері 
Е)Ойпаттау жерлері 


15.Аңыз бойынша Ай өзінің кандай мінезінің кесірінен жапа шегеді? 
А)Мақтаншақтығынан 
B)Қызғаншақтығынан 
C)Көреалмаушылығынан 
Д)Қарапайымдылығынан 
Е)Ұялшақтығынан 
16.«Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем» деп мадақтау төрт түліктің 
қайсысына қатысты айтылған? 
A)Жылқы мен қойға 
B)Түйе мен қойға 
C)Қозы мен ешкіге  
Д)Жылқы мен ешкіге 
Е)Жылқы мен сиырға 
17.Қазақ халкының «Жаңа ай, жарылқа, Ескі ай, есірке» деп тілеуінің себебі 
А)Күн жылы болады деген сенім 
В)Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек 
С)Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет 
О)Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым 
Е)Ескі ай мен жаңа айды салыстыру 
18.Айдың тууына байланысты халық әрекеті 
A)Жыл мезгілінің ауысуын болжаған 
B)Ауа райын болжаған 
C)Құстардың қайтуын болжаған 
В)Болашағын болжаған 
Е)Жаздың жаңбырлы болатынын 
болжаған 
19.Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз 
A)Қой мен ешкі 
B)Жылқы мен құлын 
C)Тұлпар мен серке 
Д)Бура мен құмырсқа 
Е)Өгіз бен бұзау 
20.Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен 
бата қылмайтын Ай екен» деуінің сыры 
A)Айға бата беру - надандық 
B)Толған айға қатысты беріледі 
C)Айға батаны жас адамдар ғана береді 
Д)Ырым, наным-сенімге байланысты 
Е)Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы 
5007 
1-мәтін 
Ала жіптей шұбалған жолмен қорапты машина келеді. Өршеленіп өрге ұмтылады. 
Белестен соң белес артта қалып жатыр. Жатаған дөңес, жасыл бел қалды. Көбігін 
көкке шашқан асау өзен қалды. 
Кабинада екеу еді. Ересегі қаршығадай құнтиған қағілез адам - Бөрібай. Қасындағысы 
- кенже ұлы Бекен. Құлағы қалқиған, сары бала. Биыл төртінші сыныпты бітіріп, 
жайлаудағы нағашысына келе жатыр. Аузы аңқиып, жол қызығын баққанына екі 
сағаттан асқан. Әлі жалығар емес. Ол андағайлап келіп тұра қалғандай болатын 
кереге тастардан да, қалың нудың мүлгіген тыныштығынан да, бұтадан бұтаға, гүлден 
гүлге конып, әудем жерге дейін шығарып салатын сары шымшықтың ықыласынан да 
әлдебір сыр түйіп, ой аңғарғандай. 
1. Үзіндідегі жыл мезгілі 
A)Көктем 
B)Күз 
C)Жазғытұры 
В)Қыс 
Е)Жаз 
2. Жол бойы Бекенді әсерге бөлеген 
А)Табиғат тамашасы 
B)Жолдың тым ұзақтығы 
C)Жазға демалысқа шығуы 
Д)Машинаға алғаш мінуі 
Е)Нағашысына барамын деген ой 
2-мәтін 
Қанағатсыздық 
Баяғыда Жетісудан шықкан екі жолаушы Бұхараға бет алған екен. Бірі дәулетті, аты 
Жалғыз деген кісі екен. Екіншісі кедейлеу, аты Тәңірберген болса керек. Дәулеттісі 
аты күйлі болған соң баратын жеріне тезірек жету үшін атын қамшылап, ұзап кетеді. 
Екіншісі асыкпай, атын шалдырып, жайлап жүре береді. 
Бірнеше күн өткенде Жалғыз тамақсаулығына басып, жолға алған азығып жеп 
тауысады. Содан бір тояйын деп астындағы атын сояды. Оның етін түн ішінде қорқау 


қасқырлар жеп кетеді. Көліксіз қалған соң барар жеріне қалай жетсін, не аты, не 
тамағы жоқ, өлімші халде жатқанда Тәңірберген жетеді. Аты тың, азғантай малтасын 
қанағат еткен. Сөйтіп, ол Жалғызды мінгестіріп, малтасын бөлісіп, барар жерлеріне 
жетеді. Тәңірберген болмаса, анау айдалада қалғандай екен. Жұрт арасында “қанағат 
қарын тойғызады, канағатсыздык жалғыздың атын сойғызады” деген сөз содан 
қалыпты. 
3. Байға қатысты нұсқа 
А)Қамсыздық 
B)Ашкөздік 
C)Жалкаулық  
Д)Бірбеткейлік 
Е)Қанағатшылдык 
4. Мәтіндегі «ат шалдыру» сөзінің мағынасы 
А)Атын баяужүргізу 
В)Атын тынықтыру 
 
С)Атын жорға жүріске салу 
Д)Атын жетектеу 
Е)Атын желіске салдыру 
5.Мәтіндегі Тәңірбергеннің іс-әрекетіне қатысты мақал  
А)Асықпаған арбамсн коянға жетеді. 
B)Адасқан жігіт жол таппас. 
C)Жаксы болсаң - жакын көп. 
Д)Тәуекелдін кемесі суға батпайды. 
Е) Ерлік білекте емес, жүректе. 
6.Мәтінде жауабы бар сұрақ 
А)Екі жолаушы Бұхараға жетті ме?  
В)Екі жолаушы жолға қайдан шықты? 
С)Тәңірберген жолға қандай азық алды? 
Д)Тәңірберген Жалғызды өлімнен құтқарды ма? 
Е)Екі жолаушы Бұхарадан қашан қайтты? 
3-мәтін 
 
1. Жаршының даусын күтіп тұрған, бастарына өңкей қызыл, көк, ақ шыт 
үшкілдеп байлаған балалар кекілдерін бунап, үкі таққан аттарын ойнақтатып шыға 
берді. Жеңіл ер-тоқымды жарау аттар әсем билеп: бір қырындап, ойқастап, 
ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, енді бірі ортекеше орғып, кейбірі қайраңға 
шыққан балықша жондары жалт-жұлт етіп аласұрып, шыр көбелек айналып тулап, 
көкке шаншыла карғып, ұзақ жарысты сезіп, қатты-қатты пысқырып, түра қалып 
шегіншектеп, жер тарпып, өздеріне қадалған мың-мың көздің алдынан лек-легімен 
өте берді. 
 
2. Мойнын соза қараған, аттарға ұмтыла түсіп, кейін ығысып тәртіпке 
келтірген аттылардың қамшысынан жасқанған жұрт шулап тұр. 
-  Әне, Құлайкөк пен Топайкөк! 
-  Әй, ана бір сүліктей кара кімдікі? 
-  Ана қазмойын - біздің Көкдауыл!.. - дескен жұрт, астыңғы ерні салпиып, жай 
басып, марғау аяңдап, кекіліндегі тұмарға таққан медалі жарқырап топ арасында 
Құлагер өте бергенде гу етіп, орындарынан тұрып кетті. 
 
3. Жаршының жағында тыным жоқ: «Бас бәйге - бір тайтұяқ алтын, боталы 
інген, тай, құлынымен бір үйір жылқы; екінші - бір атан түйе, он құлынды бие; 
үшінші - бір қоспақ, бес құлынды бие, он қой; төртінші - үш құлынды бие, бес қой; 
бесінші - бір құлынды бие, күміс кесе... Бас бәйгеге ояздың медалі бар, екіншіге күміс 
сағат, үшіншіге күміс таяқ...» 
 
4. Ақан бәйгеші балаларға біраз еріп, Мөңкені тоқтатып алды да: 
- Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен мына 
бәйгенің сұрқы бөлек. Байқа, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, 
ыққа түсе көрме, жел жағында отырғайсың. Түйетастан аса бере тақымды бір қысып, 
қарқындатып ал да, Көкөзекке бұрын түс. Ойлы-қырлы өзек ішінде атыңды сәл теже. 
Сүріндіріп алма. Одан шыға бере Құлагердің көзін бір сүртіп, қиқуды салып, басын 
еркін қоя берсен, ар жағын қанатымның өзі-ақ көрсетеді, - деп Құлагердің мойнынан 
құшақтады. 
7.Ақанның шабандоз балаға кеңесі берілген азатжол 
A)Үшінші 
 
B)Төртінші 
C)Бірінші және екінші 


Д)Бірінші 
Е)Екінші 
8.Барлық жүлдегерлерге ортақ тігілген бағалы сый 
A)Алтын 
B)Түйе 
C)Күміс 
Д)Жылқы 
Е)Қой 
9.Мәтіннің стилі 
 
A)Ғылыми стиль 
B)Ауызекі сөйлеу стилі  
С)Ресми іс-қағаздар стилі 
Д)Көркем әдебиет стилі 
Е)Публицистикалық стиль 
10. Мәтінде не туралы айтылған? 
А)Жаршылар сайысы 
В)Атжарысы 
C)Балуан күресі 
Д)Ат баптаушылары  
Е)Аттарды сынау 
11. Мәтін мазмұнына сәйкес мақал 
А)Ер қанаты - ат. 
B)Ер - намысының құлы. 
C)Ер атағын ел сақтар. 
 
Д)Ер сасқанда белгілі, 
Ат шапқанда белгілі. 
Е)Түпкі айылдың батқанын 
Иесі білмес, ат білер. 
12. Халықтың Құлагерге деген ерекше құрметі суреттелетін азатжол 
A)Төртінші 
B)Барлығында 
C)Бірінші 
Д)Үшінші 
 
Е)Екінші
 
 
4-мәтін 
I. Жеделхат - телеграф (телетайп) аркылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі 
заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, 
жеделхаттар өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс 
қызметі кымбат, оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін 
болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске 
тігіп қоя алмайсың, сондықтан ен ыңғайлысы жеделхат болып табылады. 
 
II. Жеделхатты кез келген қызметкер құрастырып жібере алады; қажет болған 
жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең 
ұзақ дегенде 10-12 сағаттан сон, қажет болса бір сағат ішінде де жеткізілетіндігіне 
100% сенімді болуға болады. 
Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа 
жеделхаттың бағасы да төмен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір 
түзетулер болмағаны жөн. 
 
III. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға 
мемлекет ішінде жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық 
жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі 
жеделхаттар «үкіметтік», «жедел», «жай» болып үшке бөлінеді. 
Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың 
категориясы мен түрі, нөмері, датасы, жіберілген уақьггы, алушының аты мен адресі, 
мәтін, қол. 
 
IV. Жеделхат... 
Мекенжайы («кімге»), Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің 
аты, елді мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй нөмері, корпус, офис нөмері 
жазылады. Мысалы: 
480021, Қазақстан, 
Алматы қаласы, 
Мұқанов көшесі, 227, офис 47 
 
Алушының аты-жөні («кімге»). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, 
кейде фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Бөлім 
меңгерушісіне» т.б. 
 
V. Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез 
жеткізу болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді 
түсініксіз етіп қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды 
ғана пайдаланған жөн. Егер жеделхат мақсаты алушыдан акпарат алу немесе мәселені 


шешу т.б. болса, онда етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: 
«жіберіңіз», «салып жіберіңіз», «шешім қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру 
мақсатьшда жазылса, етістік ашық рай тұлғасында қолданылатын. Мысалы: «алдым», 
«жеткізілді», «келеді», «орындалады», «барады» т.б. 
 «Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «калай да» сөздерін орынсыз көп қолданудың 
қажеті жоқ, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп 
тұр. Цифрларды жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 - бір нөл бір үш төрт жеті, 
бұларды бір сөз ретінде біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті. 
Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс 
белгілері қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер 
тасымалданбайды. 
Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне кол қойылған кезде фамилия қажет болғанда 
жіберушінің қызметі қоса көрсетіледі. 
13.Қай жауапта ІІІ бөлімде берілген мәлімет дұрыс жеткізіліп тұр? 
A)Құжат елден шетелге жіберілгенде «жедел» деген белгі қойылады. 
B)Халықаралық құжаттарда «үкіметтік» деген белгі болуы мүмкін. 
С)Ел мен ел арасында жүретін құжаттарды «сыртқы» құжаттар дейді.  
Д)Бір ел ішінде қатынап жүретін құжаттарды «жай» кұжаттар дейді. 
Е)Ел ішінде жүретін хаттарға ешқандай белгі қажет емес. 
14. Жеделхаттың мәтініндегі ең көп сөз саны 
A)200 
B)250 
С)150 
Д)300 
Е)100 
15.Жеделхаттың негізгі функциясы 
A)Мәтін мазмұнын құпия жеткізу 
B)Қызметтік құжат айналымы 
C)Жылдам халықаралық байланыс 
Д)Жылдам ақпарат алмасу 
Е)Үкіметтік ақпарат алмасу 
16.Ақпарат алу немесе мәселені шешу мазмұнындағы жеделхатта қолданылатын 
етістік формасы 
А)Шартты рай 
В)Бұйрық рай 
С)Қалау рай 
Д)Ашық рай 
Е)Қалау мен ашық рай 
17.Жеделхаттың бөлінуі 
A)1 
B)3 
С)5 
Д)2 
Е)4 
18. Жеделхатта цифрлардың жазылуы 
А)Жазбаша жазылады 
B)Рим цифрымен 
C)Бөлшек түрінде 
Д)Арап цифрымен 
Е)Цифрлар жазылмайды 
19. Жеделхатты жеткізудің ең кысқа мерзімі 
A)24 сағат 
B)1 сағат 
C)10-12 сағат 
Д)3 сағат 
Е)Жарты сағат 
20. Қандай сөзді IV бөлімдегі көп нүктенің орнына қоюға болады? 
A)толтыру үлгісі 
B)мәтіні 
C)сипаты  
Д)бланкісі 
Е)құрастыру үлгісі 
 
 
 
 
Нұсқа 








9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20 
1  5001  C  D  A  E  E  A  C  E  E  B 




A  E 
A  C 


2  5003  C  A  B  D  D  A  A  B  D  C 




D  C 


A  E 
3  5004  B  D  C  C  A  D  A  D  E  A  A  C 





A  C 

4  5005  D  B  E  A  A  C  B  D  E  E 



D  A  E 




5  5006  A  B  B  C  B  E  B  D  A  E 


A  E 
A  E 

D  A  D 
6  5007  A  A  B  E  B  B  D  E  E  D  D  E 
D  D  A  E 

D  C 



 
 
 
 
 
 
 
 
5008 нұсқа 
1-мәтін 
 
I. Бразилия елінде жылына екі рет, дәлірек айтқанда, ақпан және наурыз 
айлары аралығында Амазона өзені сағасында Атлантикалық мұхиттан тұзды, 
анағұрлым ауыр судың келгені байқалады. Мұхит суы өзен ағымымен кездесіп, өзен 
суын ығыстыра бастайды. Соның нәтижесінде, биіктігі 6 метрге жететін алып 
толқындар пайда болады. 
 
II. Көктем кезінде Дания елінде таңғажайып оқиға болады: барлық 
аймақтардан ұшып келген миллионнан астам еуропалық қараторгай күн батпай тұрып 
үлкен топқа жиналады екен. Оңтүстіктен ұшып келген қараторғайлар күні бойы көк 
шалғында болып, кешкісін аспан төрінде топтық би билейді екен. Даттықтар бұл 
құбылысты «Қара Күн» деп атаса керек. Аталған құбылысты наурыз айынан бастап, 
сәуір айының ортасына дейін тамашалауға болады. 
1. «Қара Күн» құбылысын тамашалауға болатын мезгіл 
A)Жаз 
B)Қара күз 
C)Қыс 
Д)Күз 
Е)Көктем 
2. Мәтіндегі негізгі ой қандай? 
A)Өзендегі толқындарды ығыстыру 
B)Дания елінің тұрмыс-тіршілігін баяндау 
C)Бразилия өзендерімен таныстыру 
О)Құстардың көптігін жеткізу 
Е)Табиғаттағы керемет кұбылыстарды суреттеу 
2-мәтін 
Шеге мен сабыр 
 
1. Ерте, ерте, ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Әкесі бір адамдай тәрбие 
беруге тырысқан жігіттің ақылы да аз болмаса керек. Ел қатарлы, заманындағы көптің 
бірі болып өмір сүріп жатқан жігітін бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. 
Бұл міні әкесін көп ойландырады. Ұлының ертеңін ойлаған әке баласының бҰл 
мінезін түземекші болады. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: “Балам, 
сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде, есікке бір 
шегеден қағып отыр”, - депті. 
 
2. Алғашқы күні әлгі “батыр” отыз жеті шеге қағыпты. Келесі аптада есіктегі 
шегелердің саны азайып, уақыт өте келе өз мінезін қадағалай алатын дәрежеге жетеді. 
Нәтижесінде шеге қаққаннан гөрі, ашуды ақылға бағындырғанның жақсы екенін 
түсінеді. 
 
3. Содан бала есікке бір де бір шеге қақпаған күні әкесіне келеді. Әкесі сол 
кезде: “Ұлым, енді ашуланбаған күні бір шегеден алып отыр,” - деп кеңес береді. 
Жігіт бұл істі тез аяқтайды да, әкесіне есікті барлық шегеден тазалағанын жеткізеді. 
 
4. Сол күні кешке күн ұясына қонған сәтте әкесі оны есіктің алдына әкеліп: 
“Балам, жарайсың! Мінезіңе ие бола білдің. Алайда, есікте қанша шегенің ізі 
қалғанын байқадың ба? Сен де бір адамды ренжіткен кезде оның жүрегін 
жаралайсың. Одан қанша рет кешірім сүрасаң да, есікке қалған шегенің ізіндей ізі 
қалады. Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей деген осы. Сақ болғайсың,” - деп өсиет 
айтыпты. 
3. Әкесінің баласына айтқан өсиеті 
A)Ауру қалса да, әдет қалмайды. 
B)Жаңаға жақсы өлшеуіш. 


C)Ісің ақ болса, құдайың жақ болар.  
Д)Жеті атасын білмеген жетесіз. 
Е)Ашу - дұшпан, ақыл - дос,   
Ақылыңа ақыл қос. 
4. Мәтіннің негізгі түйіні 
A)Білім - ер азығы. 
B)Талапты ерге нұр жауар. 
С)Сабыр түбі - сары алтын. 
Д)Жаман шоқпар жинар. 
Е)Жақсылық қылсаң бүтін қыл. 
5. Әкесінің баласына өсиет айтқан мезгілі 
A)таң сәріде 
B)екіндіде 
C)шаңқай түсте 
Д)мизам шуақта 
Е)кешқұрым 
6. Мәтін бойынша баланың әке ақылынан шешім қабылдауы нешінші бөлігінде 
айтылған 
A)бірінші 
B)төртінші 
C)үшінші 
Д)екінші 
Е)барлық 
3-мәтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет