Оқулық 10-сынып 1-бөлім Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А. М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова Алматы, 2019



Pdf көрінісі
бет11/186
Дата25.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#129800
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   186
Байланысты:
10-сынып 1-бөлім Оқулық Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 1-2 тоқсан kz-lite (3) (1) (1)

ҚАЗАҚСТАН 
ЭКОНОМИКАСЫНА 
ТАРИХИ ШОЛУ
Экономикадағы 
кәсіпкерліктің мәні
Біз сіздермен өткен тақырыптарда кә сіп кер-
лік  —  тұ тыну шы лар дың  қажеттіліктерін  қа на-
ғат тан ды ратын  игілік терді  өндіру  немесе  бөлу 
екенін айтып өттік.
Одан бөлек, кә сіп кер лік — өндіріс немесе сау-
да ғана емес, ең бастысы ол жаңа кәсіпорындар 
жаңа жұ мыс орындарын құрады. Сон дық тан көп-
теген  ел дің  өкіметтері  кә сіп кер лікті  қолдауға, 
жаңа  кә сіп кер лерге  көмек  көр се туге  тырысады: 
түсімге салынатын салықтың мөл ше рін азайта-
ды, шағын және орта биз нес ті дамытуға тиімді 
несиелер ұсынады, ақпараттық және қаржылық 
қолдау  көр се теді.
Сонымен, кә сіп кер ліктің жолында нендей ке-
дергілер бар? Неліктен кейбір елдерде кә сіп кер-
лік шарықтап дамиды, ал басқа елдерде олай 
емес? Ең алдымен, кә сіп кер ге мемлекет тарапы-
нан қолдау, болашаққа деген сенімділік қажет.
Кә сіп кер лер  өз  құқықтарының 
қорғалатынына сенімді болмаса, олар 
жаңа кәсіпорын ашуға құлшынбайды, 
себебі оны құру көп әрі қажырлы еңбекті 
қажет етеді.
Сенімділік пен қауіпсіздіктен бөлек кә сіп кер-
лікке ашықтық (транспаренттік) қажет. Егер кә сіп-
кер құқықтық жүйе қалай құрылғанын түсінбесе, 
заңға енгізілген түзетулер үнемі өзгерістерге 
ұшырап, оны қадағалап үлгере алмаса немесе 
хабардар болмаса, оның кә сіп кер лігі дамымай-
ды, тіпті жабылып та қалуы мүм кін. Міне, сон-
дық тан  Қазақстанда  кә сіп кер лерді  қолдайтын, 
о тан дық биз нес тің ҚР Үкіметі мен мемлекеттік 
органдармен  ке ліс сөздер дің  қарқынын  арттыру 
мақсатында «Атамекен» Ұлттық Кә сіп кер лер Па-
латасы құрылды. Кә сіп кер лер палатасы шағын, 
орта және ірі биз 
нес өкілдері 
нің мүдде 
ле 
рін 
көздеп, құқықтарын қорғайды, оның қыз мет і кә-
сіп кер лікті, оның ішкі және сыртқы сауда сала ла-
ры н  қамтиды.
Ең бастысы, кә сіп кер лік жемқорлықпен бірлік-
те бола алмайды. Егер кә сіп кер керемет ұсыныс 
жасағанмен, тендер (мемлекеттік сатып алу) 
пара берген адамға немесе таныс арқылы басқа 
біреуге берілсе, кә сіп кер дің еңбектенуге, өнім 
шығаруға құлқы болмайды.
Мемлекетте жемқорлық етек жайса, кә­
сіп кер лік дамымайды, керісінше, құлдырай 
бастайды.
Кә сіп кер лік  үшін  жаңа  техно ло гия лар  мен 
ғылыми өнертапқыштық маңызды рөл атқарады. 
Кә сіп кер лік  саудаға  немесе  алыпсатарлар ға  ке ліп 
тірелсе, одан келе тін пайда мардымсыз болады. 
Алыпсатарлар Қытайдың бір жерінен та уар алып 
келіп, оны Алматыда сатып, та быс тауып жатады. 
Әрине, олар қандай да бір сұранысты қа на ғат-
тан ды ра алады, бірақ мұндай үрдіс пен жаңарт па-
лық кә сіп кер лік дамымайды. Бастысы — елімізде 
кә сіп кер ліктің  түрлі  сала ла ры ның  дамуына  жағ-
дай жасалуы тиіс.
•  Экономикадағы кәсіпкерліктің мәнін түсіну;
•  Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсіну.
•  Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай білу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет